Алауыздық қоздыру туралы істер бойынша сот сараптамасын тағайындау қателіктері
Сәләфилерге қарсы жазалау шаралары, көбінесе, ҚР ҚК 174 бабы «Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру» бойынша (көбінесе, ұлттық, әлеуметтік немесе діни алауыздықты қоздырғаны үшін айыптар тағу үшін қолданылады), сонымен қатар ҚК 256 бабы «Терроризмді насихаттау» бабы бойынша қылмыстық қудалауға тарту жолымен жүзеге асырылады. Баптар ауыр қылмыс үшін қылмыстық жауапкершілікті көздейді және қатаң санкцияларды қолдануға алып келеді.
Мамандар қылмыстық заңның 174 бабының анық емес тұжырымдамасын атап өтеді: ол жерде қылмыстық істің құрамы яғни адам расымен де қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін іс-әрекеттер нақты жазылмаған. Анық емес тұжырымдама бұл норманы шамадан артық кеңінен түсіндірілуі мүмкін, және сәйкесінше, өз бетімен қолданылуына алып келуі мүмкін.
Алауыздық қоздыру, ҚР «Экстремимзге қарсы іс-қимыл туралы» заңына сәйкес вербалды (сөз сөйлеу) түрге ие экстремистік қызмет түрлеріне жатады. 174-ші бап бойынша істерді қарау жағдайлардың басым көпшілігінде сот психологиялық-филологиялық (лингвистикалық) сараптама жүргізумен байланысты болуы тиіс, себебі құқық бұзушылықтың дәлелі, негізгі зерттеу және заңды бағалау құралы мәтін және оның мазмұны болып табылады. Сот филологиялық сараптамасы барысында мәтіннің мазмұны зерттеледі, оның мағыналық бағыты, экстремистік қызметті насихаттау және/немесе нақты экстремистік іс-әрекеттерді орындауға шақыру түріндегі уағызшыл сөздердің болуы/болмауы анықталады, экстремистік болуы ықтимал мәтінді құрған кезде қолданылған тілдік құралдарға баға беріледі және т.с.с. басқа сөзбен айтқанда, алауызды қоздыру істері бойынша даулы ақпараттық материалдарды зерттеу көндіру әсеріндегі риторикалық тәсілдерді талдау әдістерін меңгерген тіл мамандарының құзыретіне жатады». [1, 80-81 бб.]
Сараптамалық бағалау субъектісі туралы қаралған талап алауыздық қоздыру істері бойынша сот сараптамасын тағайындау және жүргізу кезінде жиі бұзылып отырады. Осылайша, қылмыстық үдерісті жүргізетін орган, даулы ақпараттық материалдың мазмұндық-мағыналық және ресми жақтарын талдау туралы, тілдік құралдарын талдау туралы мәселені филологтың (тіл маманы) емес, бір жолға тартылатын сарапшы-саясаттанушының шешуіне мүлде негізсіз түрде қояды. Басқаша айтқанда, тергеу ақпараттық материалдарға сараптама жүргізуді сараптамалық зерттеу жүргізу құзыретіне ие болмайтын сарапшыға тапсыра отырып, туындаған мәселелерді шешу үшін қажетті арнайы білімдердің нақты түрін дұрыс анықтамайды. Сараптама жүргізуге осындай қате тәслдерді қолдану нәтижесінде сарапшы-саясаттанушы алға қойылған сарапшылық міндеттерді шеше алмайды, ықтимал экстремистік сөйлеу әрекеттері фактілерін бекітпейді және зерттемейді.
Сарапшының толыққанды, сапалы және дәлелді қорытындысы сарапшылық міндеттерді дұрыс қоюсыз мүмкін емес. Алайда, тәжірибеде алауыздық қоздыру істері бойынша сот политологиялық немесе психологиялық-филологиялық сараптаманы тағайындаған кезде қылмыс үдерісін жүргізуші орган дәлелдеу қызметін сарапшы-саясаттанушылардың, филологтардың мойнына жүктейді десе де болады, яғни олардың алдына сөйлеу әрекетінің құқық бұзушылық құрамы ретінде объективті жағының құқықтық жіктемесін талап ететін мәселелерді қояды. Қылмыстық құқықтың «әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру» термині оның объективті және субъективті жағын ескере отырып, құқық бұзушылық жіктемесін қамтиды. Ұқсас қылмыстың құрамы объективті жағынан сөздердің, құжаттардың, ұрандардың және плакаттардың, өзге ақпараттық материалдардың көмегімен адамдарды нақты бір іс-әрекеттерді орындауға итермелеу мақсатында оларға белсенді түрде әсер ету болып табылады. Субъективті жағынан қылмыс тікелей ниетпен орындалады (тұлға өзінің сөйлеу әрекетінің сипаты мен бағытын аңғарады және дәл осы тәсілмен әрекет етуге ұмтылады). Айыпталушы әрекеттерінің (…алауыздық … қоздыруға бағытталған әрекеттер-сөздер) нақты бір бағытына қатысты заңда көрсетілгені мәтінде тікелей ниеттің болуын ұйғарады. Осы мәселелерден іс жүзінде келесі сұрақтар туындайды: «Сөйлеп тұрған адам Х айту арқылы әлеуметтік алауыздық тудырғысы (қоздырғысы) келді ме»? «Сөйлеп тұрған адам өзінің сөзімен азаматтардың ұлттық ар-ұжданына және намысына тіл тигізгісі келді ме?» және т.с.с. Сондықтан ұқсас сұрақтарды сарапшылардың назарына құқыққа қайшы етіп құрастырылғаны анық, себебі ниет іс бойынша қолда бар барлық дәлелдерді ескере отырып анықталады және, сәйкесінше, оны шешу дәлелдеуші субъектінің айрықша құқығы болып табылады. Мәтінде құқық бұзушылық құрама белгілерін анықтау, атап айтқанда, мәтінде «әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни жек көрушілік немесе алауыздықты қоздыру белгілерінің»; «адамдардың ұлттық ар-ұжданды және намысты немесе діни сезімдерін қорлау белгілерінің» болуы не болмауы туралы сұрақты және т.с.с. сарапшының шешуіне қоюға тыйым салынады, себебі оларға жауап беру үшін сарапшы өзінің құзыреті шегінен шығады. Тек заңнама ережелерін білетін құқық қолданушы ғана даулы мәтінде айтылып отырған әрекеттерді заңға қайшы ретінде жіктей алады және жіктеуі тиіс. Соның ішінде, ақпараттық материалда сипатталған іс-әрекеттерді конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге, лаңкестік актіге және т.с.с. жатқызу туралы сұрақты шешу үшін лингвистикалық не кез келген бір өзге арнайы білім емес, дәл заңды білім қажет. Мұндай жағдайларда мәтінде жүзеге асырылған сендіру әсеріндегі коммуникациялық белгілерді, мысалы кез келген әрекеттерді орындауға шақыру түріндегі не болмаса ол әрекеттерді орындау қажеттілігін негіздейдін не ақтайтын түрдегі белгілерді анықтау қажет болған кезде ғана маман тартылуы мүмкін. Егер мұндай белгілер талданатын материалда анықталса, онда сарапшылар мәтінде дәл қандай іс-әрекеттер туралы түсіндіруі мүмкін, алайда оларға құқықтық жіктеме бермейді.
Алауыздық қоздыру туралы сарапшылық тәжірибеде зерттелетін ақпараттық материалдардың мазмұнына сарапшы-саясаттанушы тікелей құқықтық баға берген жағдайлар кеңінен тараған. Соның ішінде, сарапшылар алауыздық қоздыруда автордың мақсатын, мәтінде терроризмді насихаттау белгілерінің болуын және т.б. өздігінен анықтай беруде. Көрсетілген факторлар саясаттанушылардың осындай сараптамаларын жол беруге болмайтын дәлелдерге жатқызуға мүмкіндік береді, алайда алауыздық қоздыру істері бойынша сот тәжірибесі мұндай сараптамаларды соттар қабылдайтынын және айыптау үкімі көбінесе іске тартылған сарапшы-саясаттанушының қорытындысы негізінде шығарылатынын көрсетеді. Алауыздық қоздыру белгілері анықталған сияқты болып көрінетін сараптама сотта айыптаудың басты дәлелі болады, ал әлеуетті қылмыстың себебі мен ниеті жайдан-жай еленбей қалады.
Осындай біршама істердің ішінен бір анық мысал келтірейік. 2009 жылы Алматы қаласының Алмалы аудандық соты Ресейлік «Бірігу шіркеуінің» миссионері Дреничева Екатеринаны рулық, нәсілдік, ұлттық, діни алауыздық қоздыруда кінәлі деп танып, оған екі жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындады. Тергеуді ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті жүргізді. Тағылған айыпта Дреничева Елизавета «психологиялық террор және бас айналдыру элементтерін» қолданды деп айтылған. Құқық қорғаушылардың іске араласуы арқасында Алматы қалалық соты оған шығарылған үкімді бас бостандығынан айыру бөлімінде, түрмеге қамауды ақшалай айыппұл төлеуге ауыстырып, өзгертті. Іс бойынша екі сот сараптамалары жүргізілді: алғашқы – сарапшы-саясаттанушы Бурова Е.Е. жүргізді, қосалқы комиссиялық – сарапшы-саясаттанушылар Бурова Е.Е., Байсалбаева Ж.А., Устименко А.А. жүргізді. Мамандардың пікіріне сүйенсек, Дреничева Е. айыптауға Бурова Е.Е. және өзге саясаттанушылар жүргізген дәлелсіз сараптамалар негіз болды. Осы сараптамалар қорытындыларының қазіргі заманғы ғылыми білімге қайшы келуі, олардың қателігі келесі мамандар жасаған қорытындылардың толық айқындығымен расталды: философия ғылымдарының докторы Колчигин С.Ю., философия ғылымдарының кандидаты, дінтанушы Трофимов Я.Ф., филология ғылымдарының кандидаты Карымсакова Р.Д. Азаматтардың рулық және тектік-топтық тиесілілік белгілері бойынша толымсыздығы туралы Бурова Е.Е. және өзге саясаттанушылардың тұжырымдары басты наразылық тудырады. Ол ру деп адамның тегі мен Құдай болмысын айтады, адамның тегі мен Құдай тудырған бастаманы қарсы қойып салыстырады, ал сол екі арада ҚР ҚК 164 бабында азаматтардың толық дамымауын (жарыместігін) насихаттау көзделген. Басқа (абстрактылы!) жаратылыстардың толық дамымауы берілген бапта қарастырылмаған. Бұл азаматтардың тектік-топтық тиесілілігі белгілері бойынша олардың толық дамымауы туралы тұжырымдарға да қатысты. Бұл жерде сарапшы тектер-топтарға «шынайы» және «шынайы емес» отбасыларын жатқызады. Бурова Е. сараптамасында Құдайға сену еңбек өнімділігін төмендетеді, ал Құдайға деген махаббат ҚР неке-отбасы заңнамасы негіздерін бұзады деп айтылған. Заңды терминдерді анықтай отырып, заң шығарушы рөлінде әрекет еткен мұндай «сарапшылардың» қорытындыларының ақылға қонымсыздығы сотқа осы сараптамалар негізінде өз үкімін шығаруға кедергі келтірмеді.
Көптеген құқық қорғаушылардың ойларына сүйенсек, бапты осындай түрде өзгерткен кезде ҚР Қылмыстық кодекснің 174 бабы діни сенімі үшін қудалау құралы болады. Бұл пікірмен 2019 жылдың желтоқсан айында өмірден өткен Қазақстандағы құқық қорғау қозғалысының неігізін қалаушы Алматылық Хельсинки комитетінің төрағасы Нинель Фокин де келіседі. 2009 жылы ол ресейлік миссионерге үкім шығарған сотқа былай баға берді: «Дреничева Елизаветаға қатысы оның діни көқарасы үшін нағыз қуғын-сүргін шарасы қолданылған болатын. Ал қуғын-сүргін, қаншалықты жекелеген болса да, әрдайым жалпыға бірдейлік белгіні қамтиды. Яғни діни сенімі үшін қуғын-сүргінге ұшырату басталған екен, ендігі ол тек Дреничева Елизаветамен ғана тоқтап қалмайды. Қуғын-сүргін қисыны бойынша, бүгін Дреничева Елизаветаға айып тағылып отыр. Ертенгі күні «Бірігу шіркеуінің» басқа да жақтаушыларына айып тағылуы мүмкін, себебі олар дәл Елизавета сияқты діни көзқарасты ұстанады. Ал одан кейін, қазіргі күні шетте қалуды жөн көрген, православиелер, яһудилір және тіпті мұсылмандардың да ізіне түсуі әбден мүмкін». [2]
Ақпарат қандай жағдайда алауыздық қоздыратын болып танылады
Жоғарыда айтылғандарды ескерсек, (Мәтінді (айтылған сөзді) алауыздық қозыдырушы деп тану үшін ол қандай мазмұндық белгілерді қамтуы тиіс?) сұрақ туындайды, ал мұның жауабы вербалды (сөз сөйлеп) экстремизмді анықтауда ең маңыздысы болып табылады.
Бұл сұрақтың жауабын, бәрінен бұрын, дефинитивтік құқықтық нормалар ішінен іздеу керек. ҚР заңының 1 бабына «Экстремизмге қарсы іс-қимыл» сәйкес әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру экстремистік қызмет түрі болып табылады (әлеуметтік, тектік-топтық алауыздық қоздыру (саяси экстремизм); нәсілдік, ұлттық және рулық алауыздық қоздыру … (ұлттық экстремизм); діни өшпенділікті немесе алауыздықты қоздыру … (діни экстремизм).
ҚР Заңының «Экстремизмге қарсы іс-қимыл» 1-бабында экстремистік іс-әрекеттер мен экстремистік материалдардың анықтамасы қамтылған:
- «5) экстремисттік әрекеттер – экстремистiк мақсаттағы әрекеттер жасауға жария түрде шақыруды, экстремистiк ұйымдардың нышандарын насихаттауды, үгіттеуді және көпшiлiкке жария көрсетудi қоса алғанда, осындай әрекеттердi тiкелей iске асыру»;
- «7) экстремистiк материалдар – экстремистік әрекеттердiң белгілерін және (немесе) оны жүзеге асыруға шақыруды қамтитын не оларды жасау қажеттігін негiздейтiн немесе ақтайтын кез келген ақпараттық материалдар» (біз белгілеп қойдық. – Қ.Р.).
Осы дефиницияларда сөйлеу әрекеттері көрсетілген, олар үшін жауапкершілік ҚР ҚК 174 бабында көзделген. Бұлар келесі ақпараттық материалдар:
1) азаматтардың әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни тиесілілігіне байланысты оларға қарсы бағытталған озбыр, зорлық-зомбылық әрекеттерін жүзеге асыруға шақыратын;
2) азаматтардың әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни тиесілілігі бойынша ерекшеленетін адамдарға өшпенділік, жек көру қарым-қатынаста болу қажеттігін негіздейдін немесе ақтайтын;
3) азаматтардың әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни тиесілілігіне байланысты оларға қарсы бағытталған озбыр, зорлық-зомбылық әрекеттерін жүзеге асыру қажеттігін негіздейдін немесе ақтайтын.
Сөйтіп, «нақты бір араздық түрлерін қоздыру» мәнін білдіру белгілері келтірілген дефиницияларда көрсетілген мазмұндық белгілер болып табылады. Сәйкесінше, әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру істері бойынша сарапшының (маманның) шешуіне қойылатын сұрақтар айтылған белгілерді анықтауға бағытталуы тиіс.
Сөзде араздық қоздыру белгісінің болуын дәлелдеу үшін талданып отырған үзіндіде заңда көрсетілген топқа деген өшпенділік қарым-қатынасын негіздейтін сөздің болуын дәлелдеу қажет. Ол үшін:
- сөйлеп тұрған адам кез келген бір топ өкілдерінің теріс ақылақтық қасиеттер, жағымсыз қасиеттер, кемістіктерге ие болуы, және бұл қасиеттердің олардың қылығында, нақты әрекеттерінде әрдайым білініп отыруы туралы пікірін білдіруі керек (болжамды мысалдар: христиандар – жабайы, қатыгез адамдар; қазақтар – жалқау, күншіл ұлт);
- сөйлеп тұрған адам осы топ өкілдерінің барлығына жағымсыз, төзбеушілік, жек көрушілік қарым-қатынасын білдіру қажеттілігін, әділдігін, дұрыстығын, адамның белгілі бір топқа тиесілі болуына байланысты оған қарсы бағытталған озбыр, зорлықшыл әрекеттерін жүзеге асыру қажеттігін растайтын сияқты пайымдармен өз пікірін негіздеуі керек, осындай қарым-қатынасты және әрекеттерді ақтауы тиіс [3, 5-7 бб.].
Мұндай риторикалық құрылымның мақсаты тыңдаушыларда/оқырмандарда/көрермендерде бөліп алынып отырған топқа өшпенділік қатынасын, осы топ өкілдеріне қарсы физикалық әрекеттерді қолдау көзқарасын қалыптастыру болып табылады. Осындай мақсаты бағыттың болуы толық айтылған сөздің мәні қабылдаушы адамды иландыру болып табылатынын дәлелдейді. Дәл осы нәрсе ақпараттық материалды заңға қайшы сөйлеу әрекеті етеді. Сондықтан, мәселен нақты бір діннің ізбасарларына теріс баға беру (пікір білдіру) («құдайсыздар», «адасушылар», «жәннатқа түспейді», «құдайды сатқандар») осындай тұлғаларға зорлықшыл физикалық әрекеттерді жасауды мақұлдайтын қатынасты қалыптастырған немесе өшпенділік не қастық қарым-қатынасты негіздейтін немесе ақтайтын жағдайларда ғана экстремистік болып танылуы мүмкін. Мысалы, діни ағым, ұлттық дәстүрлер, әдет-ғұрыптарды және т.б. көпшілік алдында сынау араздық қоздыру ретінде қарастырыла алмайды. [4]
Пайдаланылған әдебиеттер
- Ақпараттық материалдарды экстремистік деп тану істері бойынша сарапшылық зерттеулер әдістемесі (теориялық негіздер және практикалық нұсқаулық). СПб, 2012.
- Дреничева Елизавета ар-ұждан тұтқыны деп танылды, құқық қорғаушылар оны босатуды талап етуде (https://rus.azattyq.org/a/1370083.html)
- Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру туралы істер бойынша сот филологиялық сараптамасы жөніндегі қысқа анықтамалық. – Алматы, «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры, 2019 (http://www.adilsoz.kz/publication/show/id/43)
- Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру туралы істер бойынша сарапшылық зерттеу әдістемесі. – Алматы, «Әділ сөз», 2019.
Р.Д. Карымсакова