Сот сараптамасы діни сенімі үшін қудалау құралы ретінде

Алауыздық қоздыру істері бойынша ақпараттық материалдарға лингвистикалық зерттеу жүргізудегі біздің көпжылдық тәжірибеміз, осындай істер бойынша адвокаттық тәжірибемен танысу, сот тәжірибесін бақылау, істердің осындай топтамасы бойынша сарапшылық әдістемені құрастыруға қатысуымыз мұндай істер бойынша сот сараптамасын тағайындау және жүргізуге «айрықша» тәсіл қолдану туралы нақты тұжырымдар жасауға мүмкіндік берді. Біздің зерттеуімізді «тоғыз мұсылман туралы іс» мысалында қарастырайық.

Алдын ала тергеу органымен (Алматы қаласы бойынша ҰҚКД ТБ) келесі сараптамалар тағайындалады: екі дінтанулық және екі саясаттанушылық сараптамалар. Мынандай сұрақ қойайық: іс үшін маңызды болып табылатын нақты қандай фактілерді анықтау үшін дінтану және саясаттану саласындағы арнайы білімнің бұл жерде не қажеті бар?

Екі дінтанулық сараптаманы Алматы қ. бойынша ССИ сарапшы-дінтанушы жүргізеді, оның шешуі тиіс екі сұрақ қойылады: Ұсынылған материалдарда берілген идеялар қандай діни ағымға, бағытқа жатады? Ұсынылған материалдарда діни радикалды көзқарастарды насихаттау қамтылған ба? Сұрақтарға жауаптар-қорытындылар – «ұсынылған материалдардың мәтіндерінде уаххабилік түсініктік сәләфи бағытының идеялары қамтылған (исламдағы сүннет дін ағымынығ шегінде)»; «ұсынылған материалдардың мәтіндерінде діни радикалды көзқарастар насихаталады». Дінтанушының талдау объектісі ретінде зерттеуге ұсынылған «WhatsApp» тобындағы қатынасхаттың «жалпы 6220 файлды құрайтын скриншоттары»  алынды.

Біздің көзіміз әбден жеткені, ҚР ҚК 174 б. бойынша қозғалған істер бойынша көрсетілген сарапшылық міндеттер (сұрақтар) кезінде дінтанулық сараптама жүргізу мақсатқа сай емес, себебі айыпталушының діни көзқарасы және ол ұстанатын идеология басынан-ақ анықталады, және айыпталушылардың діни тиесілілігін белгілеу іс үшін маңызды факт болып табылмайды.  (Іс жүзінде, іс қозғалады және діншіл адам тұтқындалады, себебі ол «өзіміздікі» (дәстүрлі емес мағынадағы) емес, «бөтен» мұсылман. «WhatsApp» тобында дәстүрлі мұсылмандар (сүннет бағытының Ханафи мазһабының ізбасарлары) әртүрлі діни тақырыптарға арналған материалдармен алмасып жатқанын және сүннет сәләфилерді мінеп-сынап жатқанын, және осы үшін оларды ұстап, қылмыстық істер қозғалып жатқан жағдайды елестету мүмкін емес). Ұсынылған материалдар ауқымына жалпырақ бағалауды көздейтін осындай дінтанулық сраптамаларды жүргізу әдетте ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитетінің құзыреті шегінде жүзеге асырылады, ал ол комитет ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңына сәйкес дінтанулық сараптама жүргізу ережелерін бекітеді, оны жүргізу үшін негіздерді анықтайды және т.б. дін істері комитеті діни бірлестіктерді тіркеу туралы мәселені шешу кезінде; діни әдебиеттер, діни мазмұндағы өзге ақпараттық материалдар ҚР ұйымдарының кітапхана қорына келіп түскен кезде; діни әдебиеттерді, діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды шеттен әкелген кезде; діни әдебиеттерді дайындаған, басып шығарған және таратқан кезде және т.б. дінтанулық сараптаманы міндетті талап ретінде жүргізеді. Бір сөзбен айтқанда, шеттен әкелінетін немесе басып шығарылатын кез келген діни әдебиеттер, қабылдаушыға жеткенде дейін, ең алдымен, дінтанулық сараптамадан өтуі тиіс.

ҚР 174 бабы бойынша істерді қарастырған кезде көрсетілген мақсаттағы дінтанулық сараптама жүргізудің қажеті жоқ. Сәләфизм және уаххабизмге ҚР исламның бір ағымы және ілімі ретінде тыйым салынбаған. ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңының 3 бабы 6 тар. сәйкес, «әркім діни немесе өзге де нанымдарды ұстануға, оларды таратуға... құқылы…»; дәл осы баптың 8 тармағы 1) тармақшасына сай, «дін мен діни бірлестіктердің мемлекеттен бөліну қағидатына сәйкес мемлекет: 1) Қазақстан Республикасы азаматының ... дінге және ұстанатын дініне өз көзқарасын айқындауына араласпайды». Көрсетілген сарапшылық міндеттермен дінтанулық сараптаманы жүргізу қажеттілігі онда нақты 19 даулы мәтіндердің діни мазмұнына талдама болмауы себебінен де жоқ, ал бұл талдама лингвистикалық талдамамен қатар, істі шешу үшін маңызды болып табылатын ислам тарихнамасынан, догматикасынан, доксографиясынан бүкіл фактілер ауқымын анықтауға мүмкіндік берер еді, діни мазмұндағы мәтіннен тыс ақпаратты қамтитын нақты үзінділерді түсіндіруге көмектесер еді. «Тоғыз сәләфи мұсылмандар туралы іс» бойынша кешенді сарапшылық зерттеуде тіл маманының міндетті қатысуымен бірге дәл исламтанушының қатысуы қажет болды.

Берілген іс бойынша Алматы қ. ҰҚКД екі дінтанулық және екі саясаттанушылық сараптамалар тағайындалды және жүргізілді.

Осы сараптамаларды тағайындаған кезде тергеу органынның қателерін көрсетейік. Біріншіден, сараптаманың жоқ түрі тағайындалады. ҚР сот сараптамасы органдары жүргізетін сот сараптамалары түрлерінің тізімінде политологиялық сараптама жоқ. Екіншіден, сарапшы-саясаттанушылардың шешуіне құқықтық сипаттағы сұрақтар қойылады. Саясаттанушылардың шешуіне төрт сұрақ қойылды, алғашқы үшеуін келтірейік: 1) Мәтінде және мазмұнында әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздық қоздыруға, азаматтардың ұлттық ар-ұжданын және намысын не болмаса діни сезімдерін қорлауға бағытталған сөздер, дәл соған тең азаматтардың дінге, нәсілге, ұлтқа, руға немесе текке-топқа тиесілі болу белгілері бойынша олардың артықшылығын, басымдығын немесе толымсыздығын насихаттау кездесе ме? 2) Мәтінде және мазмұнында, Қазақстан Республикасының Конституциясын бұзып, мемлекеттік қауіпсіздігін кетіру немесе Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге алып келетін, үкіметті зорлықпен басып алу немесе билікті зорлап ұстап тұруға шақыру кездесе ме? 3) Мәтінде және мазмұнында терроризмді насихаттау немесе лаңкестік актіні жасауға шақыру кездесе ме?

Сарапшылар сарапшылық қорытындыдан себептемелі бас тартудын орнына алауыздық қоздыру, мәтінде терроризмді насихаттау және т.б. болуы туралы авторлық мақсатты өздігінен анықтауға кіріседі. Сөйтіп, сарапшы-саясаттанушы Мухатаева Г. И. қорытындысындағы тұжырымдар қылмысты жіктеудің құқықтық тұжырымдары болып табылады: «Абоненттердің хабарламалары мәтінінде (…) діни алауыздық қоздыру белгілері қамтылған. Хабарламаларда (...) азаматтардың дінге деген көзқарасы белгілері бойынша  ерекшелігі, басымдығы және толымсыздығын насихаттау белгілері қамтылған. Айтылған сөздерде  (…) азаматтардың діни сезімдерін қорлау белгілері қамтылған». Дәл осындай жағдай Акбарова Р.А. қорытындыларында да кездеседі: «Политологиялық  талдау мәтіндердің мазмұнында ... ұлттық алауыздықты қоздыруға бағытталған сөздер бар екенін көрсетті»; «Мәтіндердің мазмұнында терроризмді насихаттау белгілер кездеседі …». (Мұндай тұжырымдармен соттың қажеті жоқ, бірден қамауға жібере беруге болады!) Іс-әрекетті бағалаумен байланысты құқықтық мәселелерді сарапшының шешушіне беруге тыйым салынады, себебі оларды шешу тергеуді жүзеге асыратын органның, прокурордың, соттың ерекше құзыретіне жатады.

Үшіншіден, алдын ала тергеу органы үшін алға қойылған мәселелерді шешу үшін қажетті болатын нақты бір сараптама түрін анықтаумен қиындықтар туындайды. Себебі, сарапшылардың алдына қойылған мәселелер құқықтық сипатқа ие, тергеу органы, бірінші кезекте істі мәні бойынша шешу үшін қандай фактілер керектігін және мұны қандай арнайы білімнің көмегімен істеу керектігін анықтауы керек. Жоғарыда көрсетілгендей, экстремистік сөйлеу әрекеті сияқты алауыздық қоздыруды құқықтық бағалау таралған ақпараттың мазмұнына байланысты және осы ақпараттың мазмұнын бағалаусыз, хабарламаның мағыналық бағытын анықтаусыз бағалау жүргізу мүмкін емес. Айтылған құқық бұзушылық белгісіне жатқызылатын сөз құрылыстарын және тіл бірліктерін анықтаудың негізгі тәсілі сөйлеу туындысының мазмұндық-мағыналық және ресми жақтарына лингвистикалық (политологиялық емес) талдау жасау болып табылады.

Анықтама үшін: Ресейде өшпенділік немесе қастық қоздыру істері бойынша (РФ ҚК 282 бабы) политологиялық және дінтанулық сараптама емес, дінтанушыны тарта отырып, сот лингвистикалық сараптамасы немесе кешенді психологиялық-лингвистикалық сараптамасы тағайындалады. [1]

Сараптамалық әдістемеде ҚР ҚК 174 бабымен көзделген қылмыстар туралы ақпаратқа сараптамалық зерттеу жүргізген кезде қойылуы тиіс және сарапшылардың ақпараттық материалдардың мағыналық ерекшеліктерін құжатпен бекітуіне жәнетаратылатын ақпараттың сипаты туралы бірмәнді тұжырым жасауға мүмкіндік беретін келесі сұрақтар беріледі.

- Зерттеуге ұсынылған материалдарда әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни тиесілілігі бойынша ерекшеленетін адамдарға өшпенділік, жек көру қарым-қатынаста болу қажеттігін негіздейтін немесе ақтайтын белгілер кездесе ме?

- Зерттеуге ұсынылған материалдарда адамның әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни тиесілілігіне байланысты оған қарсы бағытталған озбыр, зорлық-зомбылық әрекеттерін жүзеге асыру қажеттігін негіздейтін немесе ақтайтын белгілер кездесе ме?

- Зерттеуге ұсынылған материалдарда адамның әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни тиесілілігіне байланысты оған қарсы бағытталған озбыр, зорлық-зомбылық әрекеттерін жүзеге асыруға шақыру белгілері кездесе ме? [2]

Терроризмді насихаттау істері бойынша ақпаратқа сараптамалық зерттеу жүргізу үшін (ҚК 256 бабы) келесі сұрақты қою ұсынылады: Зерттеуге ұсынылған мәтіндерде жарылыстар, өрт және/немесе адамдардың қаза табу, мүліктік зиян келтіру қаупін тудыратын өзге іс-әрекеттерді жүзеге асыру қажеттігін негіздейтін немесе ақтайтын белгілер кездесе ме?

Жоғарыда айтылғанға сүйене отырып, мынандай сұрақ туындайды: егер ҚК 174, 256 баптары бойынша дінтанулық және политологиялық сараптама жүргізу ақылға қонымсыз болса, жалпы сот сараптамасын жүргізудің негізгі мақсатына, атап айтқанда – материалдық объектілерді істі дұрыс шешу үшін маңызды нақты деректерді анықтау үшін сарапшының талдау мақсатына сай келмесе, онда мұндай сараптамалар қандай мақсатта жүргізіледі? Қазіргі уақытта бірмәнді және үзілді-кесілді жауап беру мүмкін емес,  тек болжамдар құра аламыз. Соттың тоғыз мұсылмандардың ісі бойынша үкімінің үзіндісімен танысқан кезде сұрақты түсіндірудің бір нұсқасы ойға келеді, ол үкімнің сипаттама бөлігінің алғашқы екі абзацы (біз ұсыныстардың негіздерін белгілеп қойдық; дереккөздің тыныс белгілері сақталған. – Қ.Р.):

2014 жылы 29 маусымда «Әл-Каида» халықаралық лаңкестік ұйымының сол қанатының жетекшісі, Әбу-Бакр Әл-Багдади, бұрын Сирия Араб Республикасы (ары қарай САР) және Ирак Республикасы территориялараның бірыңғай тұтастығы болған Мосул, Эр-Ракка, Дайр-эз-Заур, Сирт, Пальмира қалаларын қарумен күштеп басып алғаннан кейін, әлемдік дипломатиялық мойындаусыз және дүниежүзілік мұсылмандары дін басқармасының және ислам ғалымдары одағының келісімісіз, өзінің жауынгерлерімен және рекруттарымен (ерікті сарбаздарымен) басып алынған жерді және территорияны шариғатқат бойынша басқару түрімен бүкіләлемдік Ислам Мемлекеті деп өз бетінше егемендігін жариялады, бұдан кейін, мұсылман қауымына және қоғамына зайырлы және діни билікті жүргізу үшін өзін сондай елдің теократиялық билеушісі – Халиф – деп жариялады.

2015 жылғы 15 қазандағы Астана қаласының Есіл аудандық сотының шешімімен «Ислам Мемлекеті» ұйымының қызметі, аумақтағы өзге қызмет  …

Үкімнің сипаттамалық бөлімінің осы басын оқығаннан кейін бәрі өз орнына келуде. Біз қаулының сипаттамалық-уәжділік бөлімінің мазмұны туралы сөз қылмай-ақ қойайық (ҚР ҚІК 397 бабы). Дәйексөз етіп алынған үзіндісі дәлелген болып танылған тоғыз мұсылмандардың қылмыстық құқық бұзушылықтағы кінәсін және қылмыстың себебін көрсететіні анық. Енді, Саматов Е. мұсылманның топ қатысушыларына (діндестерге) намазды сопы иман болған мешітке баруы керек пе әлде жоқ па деген өзін мазалаған сұрақпен жүгінген қарапайым өтініші мен «Әл-Каида», ИГИЛ (Ислам Мемлекеті) және терроршылардың жетекшілері арасындағы мағыналық байланыс, қисын қайда? Мұсылман Искаков Ж. дәстүрлі ислам үшін жатқұлшылық түрі – зікірді (транска ұшырау күйі, айналып жүрген ырғақты қозғалыс, Аллаһтың атын қайта-қайта айту және т.б.) көрген кездегі түсінбестік білдіруі мен халықаралық терроршылар жетекшісінің қылмыстық әрекеттері және ҚР тыйым салынған ұйымдар арасындағы себеп-салдарлық байланыс қайда? Мұсылман Умбеталиев А. Саудиялық ислам дін басы және дінтанушы ғалым Салих әл-Фаузан шейхтың мұсылман үмбетіне қауіп келтіретін жаңа енгізілімдерден (бидағат) сақ болу туралы ескертуінен дәйексөз келтіреді. Осы ескерту мен «Әл-Каида» жетекшісінің қызметі және ИГИЛ, Астана қаласының Есіл аудандық сотының шешімі арасындағы  қисынды байланыс қайда? Сұрақтарды қайта-қайта қоя беруге болады, және олардың жауаптары бірмағыналы теріс және даусыз болады. Сот үкімі мәтінің мазмұнын және оның көрсетілген үзіндісін зерттегеннен кейін, тергеу қандай мақсатпен жүргізіледі, ал сот үкімнің бастапқы ережелері ретінде осы «әрекет етпейтін» сараптамаларды алады деген сұраққа – діни басқаша ойлауды басу құралы ретінде пайдалану үшін деген жауап өзінен-өзі туындайды.

Сарапшы дінтанушы, бірінші сұраққа жауап бере отырып (Ұсынылған материалдардағы идеялар қандай діни ағымға, бағытқа жатады? – ұсынылған материалдар мәтіндерінде уаххабилік ілімнің сәләфи бағытының (исламдағы сүннет бағытының шегінде) идеялары қамтылған), ұсынылған материалдарда қамтылған діни ақпараттың идеологиялық тиесілілігін анықтай отырып, оның сипаттамасын береді. Сарапшы дінтанушы тұрмыстық ислам формалары ретінде сәләфизм және уаххабизм (сәләфизмнің құрамдас бөлігі) туралы толық ғылыми түсінік беретін энциклопедиялық, анықтамалық сипаттағы ақпаратты келтіреді, ұсынылған материалдардың тақырыптарын атап өтеді. Басқа сөзбен айтқанда, сарапшы, бірінші сұраққа жауап бере отырып, ұсынылған материалдардың тақырыбы мен идеялары бойынша бейтарап ғылыми-анықтамалық ақпаратты ұсынады, ал ол көрсетілген ағымдардың исламда теріс мағынаны білдірмейтінін қамтитын тұрақтандырылған қорытындыға алып келеді. Қорытындыда исламдағы уаххабилік ілімнің сәләфилік бағытына тән идеялардың болуы ғана көрсетілген, ал бұл аралық тұжырымда да айтылған: «Зерттеуге ұсынылған файлдардың мәтінінде исламдағы сәләфилік бағыт идеялары (уаххабилік ілім) қамтылған, олар келесідей сипатталады: құдайдың біреу ғана екеніне – таухидке қатаң бойсұну және Құранды қастерлеу; ерте ислам кезіндегі мұсылман ғалымдардың және Ханбали мектебінің пікірлері мен көз қарастарын ұстану» (қорытындының 5 беті). Бірінші сұрақ бойынша да, екіншісі бойынша да өз қорытындыларының бейтарап белгіленген сипатын сарапшы-дінтанушы Мусина Д.Р. сот тергеуі барысындағы одан жауап алған кезде растады.

Сарапшы екінші сұраққа да мақұлдап жауап береді (Ұсынылған материалдарда діни радикалдық көзқарастарды насихаттау бар ма? – ұсынылған материалдар мәтінінде діни радикалдық көзқарастарды насихаттау кездеседі). Сарапшы «діни радикализм», «діни радикалдық көзқарастар» деген ара қатынастары белгіленген ұғымдарға анықтама береді, осы құбылыстарды сипаттайтын белгілерді атап өтеді. Сарапшы: «Зерттеуге ұсынылған «WhatsApp» тобындағы қатынасхат мәтінінде авторлар «шынайы» діндар адамдардың ерекшелігі және сектанттардың, серік қосушылардың, адасушылардың, күпір еткендердің толымсыздығы идеясын насихаттайтын ақпаратты таратады. Идеологиялық себептер бойынша ерекшелік діндар адамдардың өздерінің (сәләфи бағытының өкілдері) күпір еткендерден (калам мектебінің өкілдері, яһудилер, христиандар, сопылар; көп құдайға табынушылар, пұтқа табынушылар және т.с.с.) табыну, сенім, діни нормалар мен қағидаларды сақтау мәселелерінде артық және айрықша болуында көрсетіледі», - деп жазады. Қатынасхат мәтінінде жазылған ақпараттың көрсетілген беліглері таралып отырған діни ағымның (дәстүрлі исламның, «шынайы сенімнің») оқыту және діни өнегелік идеяларын тарату ретінде уағыздаумен ұқсас  (қорытындының 8 беті). Дін қызметкерлерімен және діндар адамдармен уағыздалатын діннің айрықша шынайылылығын жариялау кез келген конфессияның ажырамас құрамды идеологиясы болып табылады. Осыған байланысты Мишланов В.А. келесідей атап өтеді: «Шіркеу-діни дискурстағы мәтіндерді жіктеу кез келген дін оқуын жалғыз дұрыс ретінде насихаттау (яғни оның әдептерінің ерекшелігін насихаттау) дін қызметкерінің идеологиялық (пасторлық, дін уағыздаушы) қызметінің қажетті бөлігі, оның кәсіби борышы болуымен қиындайды, алайда, іс жүзінде, мұндай насихат сондай-ақ басқа дін оқулары өкілдерінің (немесе негізгі діни оқудың – дінбұзарлық, сектаның өзге нұсқасы) толымсыздығын (олқылықтарын) насихаттау болып табылады» [3, 62-69 бб.]. Бұл факторлар діни мәтіндерде бөтен дінді ұстанушы тұлғасында жаудың бейнесін құру арқылы ерекшелікті құқықтық түсінікте насихаттау туралы мәселені шешу кезінде ескеріледі. Нақты бір ұлттық, діни топпен немесе осы топтардың мүшелері ретінде жеке адамдармен көрсетілуі мүмкін дұшпанға қатысты жағымсыз тұжырым құрылуы керек (мүмкін), ал ол тұжырымға сай олардың құқықтары шектелуі немесе оларға қарсы зорлықшыл, зақым келтіру әрекеттері орын алуы мүмкін. Дәл осы алауыздық қоздыру белгісі қылмысты жіктеу белгісі болып табылады,  ал үшін жауапкершілік ҚР ҚК 174 бабымен көзделген, және дәл осы белгі «тоғыз мұсылмандар ісі» бойынша ақпараттық материалдардың мағыналық бағытында айтылмаған. Сондықтан, ақпараттық радикализмді ақпараттық экстремизмнен ажырата білу керек. Ал, ақпараттық экстремизм дегеніміз «сөйлеу агрессия объектісі – кез келген бір ұлттық, нәсілдік, діни, әлеуметтік топ өкілдеріне айқын көрінетін моралдық-өнегелік зиян келтіру арқылы қоғамдық зала келтіретін сөйлеу әсерінің түрі. Экстремистік сөйлеу әрекетінің мақсаты тұлғаға дұшпандық және жек көрушілік қатынасты насихаттау, денсаулыққа зиян келтіру, экономикалық немесе саяси залал тигізуді негіздеу және ақтау немесе көпшілікке қауіп төндіруді, өзгертілетін немесе өзгертілмейтін белгілері бойыннша ерекшеленетін адам не адамдар тобына психологиялық не болмаса физикалық зормбылық көрсетуді, құртуды қамтитын тұлғаға қарсы зорлықты үгіттеу болып табылады» [4,  125 бет].

Өкінішке орай, екінші сұрақтың жауабында сарапшы-дінтанушы сараптамалық міндетті шешуде маңызды болып табылатын исламның радикалды болуының әртүрлі деңгейлері туралы келесі деректерді келтірмейді. Ислам радикализмі жалпы идеологиялық доктрина және оған негізделген саяси тәжірибе (саясатқа әсер етудің нақты бір тәсілі, әдісі және құралы) ретінде түсіндіріледі, ал ол тәжірибе кез келген ел үшін заңды әдістер шегінде және де одан тыс жүзеге асырылады. Қазіргі заманғы әдебиеттерде ислам радикализмінде екі ағым бөліп көрсетілген: «орташа-радикалды» («орынды»), маңызды діни идеологияны ұстанумен сипатталады, және «әсіре радикалды» (экстремистік), оның әдептері дінді-сенімді идеологиялық құралға айналдырады, және де экстремизм және терроризм түрінде болатын зорлық-зомбылықтың кез келген түрін ақтайды. [5, 18 бет]

Орташа-радикалды жақтаушылары үшін келесі белгілер тән болады: саяси мақсаттарға қол жеткізу әдісі ретінде зорлықтан бас тарту; зайырлы құрылыстардың легитимділігін мойындау, олармен ымыраға келуге дайын болу; «исламға шақыруды» жүзеге асыру бойынша негізгі қызмт тәсілі ретінде насихаттауды қолдану және т.б. Егер орташа радикализмнің идеологиясы мен саяси тәжірибесі біржақты теріс немесе оң мағынаны білдірмесе, онда «экстремизм» және «терроризм», шамадан шыққан ағымдар және «радикализмнің» білінуі ретінде көрсетіле отырып, әрдайым жағымсыз сипатқа ие болады. Олардың саяси тәжірибесі, әдетте, жасырын күйде жабық түрде жүзеге асырылады (әсіресе терроризмде). Осы жерден, «ислам радикализмі» ұғымын мағынасы тар – «экстремизм» және «терроризм» құбылыстарымен түйістіруге болмайды деген қорытынды шығады. Іс жүзінде, радикализмге қарсы тұрған кезде саяси айла мүмкіндіктерін төмендетуге алып келеді, және тек күш қолдануды ғана жақтайды [5, 18-19 беттер].  Соңғысын «тоғыз мұсылмандардің ісін» тергеу жұмыстарынан және сот үкімін шығаруынан көруге болады. Арнайы әдебиеттерде мемлекеттік билік органдарының «радикалды исламға қатысты қатыгез тәжірибесі аталған, және де радикалды ислам кейде тіпті негізсіз себептермен экстремизм және терроризмге теңестіріледі, көбйнесе тыйым салынған сипатқа ие болады. Бұл ретте, құқық қорғау органдарының тыйым салу, жазалау шаралары уаххабизм идеологтарының көзқарастарына ортақтаса отырып, терроршылардың әрекеттеріне еш қатыстары жоқ мұсылмандарға да қолданылып жатады».[6]

Осылайша, дінтанулық сараптама қорытындылары бейтарап анықтаушы сипатқа ие және экстремистік және лаңкестік қызметті жүзеге асыруда тоғыз мұсылманның кінәсін негіздейтін фактілері ретінде тергеумен және сотпен түсіндірілмеуі тиіс. Атап айтқанда, мұсылман Нургалиев Б. және «тоғыз мұсылман ісі» бойынша өзге сотталған адамдардың исламның радикалды ағымы «сәләфизмге» жату фактісі, олардың сәләфизм идеясын насихаттауы (= «миссионерлік жұмыс» ұғымына), діни тақырыптарды, сәләфи бағытының идеяларын (уаххабилік ілім) бір дінді ұстанушылар тобында талқылауы олардың қылмыстық әрекетін дәлелдеу ретінде жіктелуі мүлде мүмкін емес.

ҚК 174 бабының өзі оны ослай қолданған кезде діндар адамдарды олардың діни сенімдері үшін қудалау құралына айналады, ал бұған жол беруге болмайды және оны діни сенімді ұстану бостандығын шектеу ретінде қарастыру керек. «Шынайы» исламды уағыздайтын, осы сенімдерді  тарататын, талқылайтын (соның ішінде, жоғарыда көрсетілген тоғыз мұсылман ісінде анықталғандай өзінің бір дінді ұстанушылары арасында), күш қолдануды жақтамайтын, діндес бауырларын мемлекет билігіне сөзсіз бағынуға шақыратын саяси сәләфи-пуритан өзінің діни көзқарастары үшін қылмыстық қудалауға ұшырамауы тиіс.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Подкатилина М.Л. Экстремистік материалдарға сот лингвистикалық сараптамасын жүргізу: монография. – М.: Юрлитинформ, 2013.
  2. Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздық қоздыру істері бойынша сараптамалық зерттеу әдістемесі. -  ҚР ӘМ ССО, 2019; Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздық қоздыру істері бойынша сот филологиялық сараптамасы жөніндегі қысқа анықтамалық. – Алматы, «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры, 2019 (http://www.adilsoz.kz/publication/show/id/43)
  3. Мишланов В.А. РФ Экстремизм және мәтіндерге лингвистикалық сараптама жүргізу міндеттері туралы заңнамасы //Пермь университетінің Жаршысы. – Сер. Ресей және шетел филологиясы. – 2012. – Вып. 3 (19).
  4. Ақпараттық материалдарды экстремистік деп тану істері бойынша сараптамалық зерттеулер: теориялық негіздері және әдістемелік нұсқаулық (ғылыми-тәжірибелік баспа) / Кузнецов С.А., Олейников С.М.. – 2-ші бас., түз. және тол. – М.: В. Ема баспа үйі, 2014.
  5. Добаев И. П. Ислам радикализмі: мәні, идеологиясы, саяси тәжірибесі: автореф. дис. … филос. ғыл. докт.- Дондағы Ростов, 2003
  6. Эмиров Р.М. Саяси исламның Солтүстік Кавказда танымал болу себебі // Ресей және мұсылман әлемі, №9, 2011.

Р.Д. Карымсакова