«Тоғыз мұсылманның ісі». Тергеу: барлық сәләфилер – экстремистер

Қазір 2020 жыл аяқталуда. Қазіргі заманғы өмір шындығы Нинель Фокинаның болжамдарының жүзеге асып отырғанын көрсетуде: Қазақстанда  алауыздық қоздырғаны үшін сотталғандардың саны тұрақты түрде артуда (сонымен, 2011 жылы 17 қылмыс тіркелген, 13 адам сотталған, ал 2018 жылы СТБТ-де 139 іс тіркелген, 83 адам сотталған). Бүкіл жылдардағы ең көп сотталғандар саны діни алауыздық қоздырғаны үшін сотталған болып табылады. Заңгерлер 174-ші бап бойынша барлық сотталғандардың ішінде дәл діни алауыздық қоздырғаны үшін сотталатын адамдар ең нашар халде болатынын атап өтеді. Олардың өздерін ақтап шығу мүмкіндіктері аз, тіпті көп жағдайда болмайды да. Заңгер Омарова Айманның сөзіне сүйенсек, осы бап бойынша айыпталушыларға «радикал» деген таңба тағылған және ешбір сот оларды ақтап шығу жауапкершілігін алғысы келмейді. «Егер ақтап шығатын болса, ҰҚК қызметкерлері одан көбірек баптарды тауып, ендігі соттың өзіне радикалды ақтағаны үшін айыптауы мүмкін», – деп бекітеді адвокат.[1]

БАҚ арқасында «тоғыз мұсылман ісі» деген атқа ие болған алауыздық қоздыру туралы бір іс бойынша деректер келтірейік. 2013 жылы желтоқсан айында Нұрғалиев Болатбек әртүрлі діни тақырыптарда ақпарат алмасу үшін, оларды талқылау үшін WhatsApp желісінде топ құрған. 2013 жылдан бастап 2018 жылға дейінгі кезеңде топ 171 қатысушыға дейін өсті, және мыңдаған ақпаратпен алмасулар болған. 2018 жылы қазан айында ҰҚК қызметкерлері сегіз адамды тұтқындады: Үмбеталиев Азамат, Мынбасов Бекет, Әділов Самат, Таурбеков Жұлдызбек, Искаков Жасұлан, Абдрахманов Назим, Саматов Ернар, Нұрғалиев Болатбек, кейін – Сулейменов Е.,  олар Қазақстанда әр өңірінде өмір сүретін мұсылман дінін уағыздаушылар болды. Барлығының көпбалалы отбасылары бар. Оларды тұтқынға алғанға дейін 2018 жылдың қазан айында олардың ешқайсысы қылмысқа бұрын тартылмаған, көбі ешқашан бір-бірімен бетпе-бет кездесіп те көрмеген.

2019 жылы 18 ақпанда барлық тоғыз адамға Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 174 бабы «Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздық қоздыру» бойынша айып тағылды. Сонымен қатар, Нұрғалиевті қоса алғанда, олардың төртеуіне ҚК 256 бабы «Терроризмді насихаттау» бойынша айып тағылды. Айыптау қорытындысында, WhatsApp желісіндегі топты құрған Нұрғалиев сәләфи мұсылман болғандықтан, және ұқсас идеологияны ұстанатын топтар теориялық қызметті жүзеге асыратын болғандықтан, онда WhatsApp желісіндегі берілген топ терроризмді дәл солай насихаттаған. (Тергеушінің берілген пікірінде қисынға сай келмейтін қате бар екені анық, атап айтқанда, жеткілікті негіздегі заңды бұзу: тұжырым негізі шынайы емес болып табылады (сәләфизмнің барлық ұстанушылары террористік қызметті жүзеге асырмайды) және қорытынды да негізсіз болып саналады, себебі дәлелсіз негізге сүйеніп жасалып отыр. – Қ.Р.).

Осылайша, Нұрғалиев Б. және бүкіл топтың терроризмді насихаттаудың жалғыз дәлелі, әрине, іс бойынша жүргізілген сараптамаларды қоспағанда, тергеудің сәләфилердің барлығы – терроршылары деген қате түсінігіне негізделген болжамдар болып табылады.

Барлық тоғыз сотталушылар 2018 жылы қазан айында WhatsApp желісіндегі топқа мүше болған, алайда топқа қатысу деңгейі әрқайсысынікі әртүрлі болған. Қатынас, көбінесе, қарапайып мақалалармен, ислам тоелогтары лекцияларының үзінділерімен алмасу арқылы болған. Кейбір қатысушылары басқаларына қарағанда мақалалар мен пікірлерді жиірек жариялап отырған. Олардың ішінде – Үмбеталиев А., Әділов С., Абдрахманов Н. тек бір даулы мәтіндерден ғана салған;  Әділов тұтқындауға дейін 2 күн бұрын ғана топқа қосылған және өз пікірін ешқашан білдірмеген немесе қандай да бір талдау жүргізбеген.

Сегіз айыпталушылардың соты 2019 жылы 12 наурызда басталды. 2019 жылы 5 тамызда сот  сегіз айыпталушыны ҚР ҚК 174 бабын бұзуда кінәлі деп таныды. Нұрғалиев, Саматов және Мынбасов ҚР ҚК 256 бабын бұзды деп кінәлі деп танылды. Абдрахманов, Әділов, Искаков, Үмбеталиев, Сулейменовке қатысты бес жыл алты ай басға бостандығынан айыру үкімі шығарылды, Саматов және Мынбасов – жеті жыл алты айға бас бостандығынан айыру, Нұрғалиев – сегіз жылға бас бостандығынан айыруға сотталды. Тоығызыншы айыпталушы – Таурбековке қатысты – 174 және 256 баптарды бұзуда кінәлі деп танылып, сот тергеуін кейінге қалдырған денсаулық жағдайына байланысты, 2020 жылы қаңтар айында жеті жылға бас бостандығынан айыру үкімі шығарылды.

Барлық сотталғандардың істері бойынша төрт сот сараптамалары жүргізілді: екі дінтанулық (Алматы қ. бойынша ССИ сарапшысы Мусина Д.Д.) және Мұхатаева Г.И. («Шегебаева Л.Ш. «Құжаттардың сот сараптамасы» ЖК),  Ақбарова Р.А. (сараптама жүргізілген сәтте – ҚР Әділет министрлігінің ССО директорының орынбасары) саясаттанушыларды тарта отырып, екі политологиялық. Саясаттанушылар топ мүшелерінің қатынасхатарының 6000 аса скриншоттары арасынан таңдалған 19 мәтінде діни алауыздық және терроризмді насихаттау белгілерін анықтады.

Бұған қоса, қорғау тараптары саясаттанушылар бекіткен даулы мәтіндерде заңға қайшы әрекеттердің лингвистикалық белгілерін анықтамаған филолог маман Карымсакова Р.Д. тоғыз қорытындысын ұсынды.

«Тоғыз мұсылманның ісі»: экстремизм қай жерінде?

Аталған іс бойынша маман қорытындыларынан алынған жеке үзінділерімен таныстырып өтейік.  Тоғыз қорытындыда барлық даулы мәтіндер діни дискурстың мәні бола отыра, әдістемелік мақсатта глоссариймен алдын ала ескертілген. Бұған қоса, даулы мәтіндердің, дінтанулық сараптамаларының болмауына байланысты, «Ислам: Энциклопедиялық сөздік»  сенімді энциклопедиядан алынған сөздік мақалаларды қамтитын Қосымшалары бар (М.: Ғалым, 1991).  (Қорытындылардың мәтіндері келесі сайтта орналастырылған: http://www.adilsoz.kz/p/polit)

Маманның шешуіне үш сұрақ қойылды, олар сараптамалық әдістемеге сәйкес ҚР ҚК 174 бабы бойынша істерді шешу үшін қойылуы тиіс [2, 7-9 беттер], [3].

  1. Зерттеуге ұсынылған мәтіннің жалпы бағыты қандай?
  2. Зерттеуге ұсынылған материалда діни тиесілілік белгілері бойынша ерекшеленетін адамдарға қатысты өщпенділік, қастық қарым-қатынасты негіздеу немесе ақтау себептері кездесе ме?
  3. Зерттеуге ұсынылған мәтінде діни тиесілілік белгілеріне байланысты адамдарға қарсы бағытталған басқыншылық, зорлықшыл әрекеттерді жүзеге асыру қажеттігін негіздеу немесе ақтау кездесе ме?

Абдрахманов Н. экстремистік материал ретінде тек бір мәтін ғана тиесілі болады, оның қысқаша талдауы төменде келтірілген.

«Глоссарий

Шииттер – әртүрлі қауымдарды біріктіретін, Әли ибн Әбу Талибты  және оның ұрпақтарын Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбардың жалғыз заңды мұрагерлері және рухани ізін жалғастырушылары деп таныған исламның бағыты (№2 қосымшаны қар.).

Рафидилер –  шииттерге сүннеттер берген олардың кеңінен таралған лақап аттарының бірі. Бұл атау халифтардың заңдылығын қабылдамау үшін берілген (сондай-ақ №3, №3а қосымшаны қар). 

Джахмилер – исламдағы ағым, оның негізін қалаушы және эпонимомі Джахм ибн Сафуан (4 қосымшаны қар., «ДЖАХМ б. САФУАН», «әл-ДЖАХМИЙА» сөздік мақалалар). 

Кадарилер –  исламның дүниетанымдық оқулардың біреуін ұстанушылар, олар адамның өз ниеттері мен істеген қылықтарында толықтай еркін, және бұған Құдайдың қатысы жоқ деген пікірді ұстанады (№5 қосымшаны қар.).

Дінбұзарлар – діннен азғандар, яғни үстем діннің догматтарынан ауытқу; осындай ауытқуларға негізделген дін оқуы.  

Пайғамрдың (сахабалар) серіктері –  мұсылман бола тұра Пайғамбарды (с.а.с.) көрген және тіпті өлгенше сенімдерінен бас тартпаған барлық ер адамдар мен әйелдер (№6 қосымшаны қар.)

Ахлюль-бейт/ахль аль-Байт – ислам дәстүрінде қабылданған, шииттер де, сүнниттер де құрметтейтін Мұхаммед пайғамбардың (с.а.с.) отбасын белгілейді. Сүнниттер Ахль аль-Байт бағытына Мұхаммед пайғамбардың (с.а.с.) отбасының барлық мүшелерін, оның ішінде әйелдерін жатқызады, шииттер болса Ахл аль-Байтқа Мұхаммед пайғамбардың (с.а.с.) қызы Фатима Захра жағынан тараған ұрпақтарын жатқызу керек деп санайды (№ 7 қосымшаны қар.).

Құдайға сенбейтіндер (дінсіздер) – кейбір діндерде, әсіресе христиан және ислам дінінде атеистерді, басқа діндердің өкілдерін және діннің басты догматтарына күмән келтіретін немесе қабылдамайтын адамдарды белгілеу үшін қолданылатын термин. Исламда дінсіздерді белгілеу үшін кәпір (сөзбе-сөз «жасырады») деген араб сөзі қолданылады. Ислам доктринасында бұл термин бір Құдайды (Аллаһты) мойындамайтын және Мұхаммедтің (с.а.с.) пайғамбарлық міндетін қабылдамайтын адамға қатысты болады.

Ширк – исламда сөзбе-сөз: Аллаһқа (тең) серік қосу немесе Аллаһтан басқа біреуге табыну, көп жағдайда көп құдайға сыйыну деп аударылады. Күпірлік білдірудің негізгі себептерінің бірі және салдары. 

Мәтін (мағыналық бөліктерін маман нөмірлеген).

«I. Шииттер-рафидилер, джахмилер және къадарилер мұсылман дінінің 73 тармағына кірмейді, себебі олар дінсіздер!

Рафидилер, джахмилер және къадарилер, олар Аллаһты тануды теріске шығарады, жетпіс үш тармақтан шыққандар, себебі олар серік қосушылар тармағы болып табылады (жатады). Рафидилер, джахмилер және къадарилер – құдайға сенбейтіндер. Себебі, рафидилер пайғамбардың ерушілерін құдайға сенбеушілікте және кәпірлікте айыптайды. Ал Аллаһ оларды асыра мақтап, құрметтеді. Сондықтан олардың (рафидилердің айыптауы) Аллаһты жалған айтуда айыптады, ал кім Аллаһты өтірік айтты десе, сол нағыз опасыздың өзі болмақ. Сонымен қатар, рафидилер ахлюль-бейтке (пайғамбардың отбасына) табынады, ал бұл ширік болып саналады. Және де, олар Аллаһ Құран оған өзгерту енгізуден қорғалған деп жалған айтты дейді. Олардың айтуынша: «Құранның тек үштен бір бөлігі ғана өзгеріссіз қалды». Мұның барлығы (әриине) дін бұзушылық болып табылады!

II. Сонымен қатар кадарилер былай дейді: «шын мәнісінде, Аллаһ құбылыстар орын алмайынша олар туралы білмейді». Және де олар Аллаһты білімсіз деді, сол үшін олар құдайсыздар болды.

III. Джахмилер де дінге сенбейтіндер қатарына жатады және жетпіс үш тармаққа кірмейді. Осылай білім иелері (ғалымдар) бекітті». … Көрнекті ғалым, шейх Абдул-Азиз ар-Раджихи шейхтың сайтынан»

Даулы мәтін Абдрахманов Н.А. тиесілі емес, және араб тілінен орыс тіліне аудармада айтылған діндар ғалым шейх Абдул-Азиз ар Раджихидің түсіндірмелерін қамтитын сөзбе-сөз мәтіні болып табылады.  Берілген мәтін кейбір интернет-ресурстарда орналастырылған (мыс., өтініш берген уақытта 10.04.2019 – бұл https://everything.kz/article/28516 230-shiity-rafidity-dzhakhmity-i-kraynie-kadarity-ne-vkhodyat-v-73-techeniya-musulman-tak-kak-oni-nevernye және басқа да көбі).

Осы ресурста берілген мәтін диалогтік бірліктің бір компоненті ретінде берілген, атап айтқанда: басында деген сұрақты қамтитын ынталандырушы ілікпе сөз келтірілген:  Рафидилер Аллаһтың елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) атап өткен жетпіс үш тармаққа кіре ме?,  ал реация-ілікпе сөз ретінде даулы жауап-мәтін келтірілген.

Дәйексөз-жауаптың негізгі идеясы бірінші сөйлемшеде білдірілген, оның мағынасы келесідей:  ‘рафиди-шииттер, джахмилер және нағыз къадарилер олардың сенбеушілігіне байланысты 73 тармаққа жатпайды’. Мәтіннің келесі бөлігі осы тезисті жетілдіреді, түсіндіреді, жалғастырады.

Құрылымы жағынан мәтін өзінің микротақырыптарымен (МТ) шартты түрде үш мағыналық бөліктерге бөлінеді, атап айтқанда: МТ1– рафиди-шииттер исламнан тыс ағым ретінде (№2 қосымшаны қар.); МТ2 – джахмилер исламнан тыс ағым ретінде, МТ3 – кадарилер исламнан тыс ағым ретінде. Негізгі айқындаушы сұрақ – істің көрсетілген жағдайларының себептері. Маман әр өйлемшенің мазмұны мен мағынасын зерттейді (алайда біз тезистің негіздерін атай өтіп, бұл бөлікті алып тастап отырмыз).

Бірінші мағыналық бөлігі 9 сөйлемді қамтиды. Бірінші сөйлемшеде бүкіл мәтінге қатысты тезис берілген, ал басқа сөйлемшелерде рафидилердің пайғамбар ізбасарларын жалған айтуда айыптауын қамтитын тезистің негізгі бес сөйлемшелері берілген, ал мұндай айып тағу дінсіздікке (күпірлікке) тең келеді; рафидилердің пайғамбардың отбасына табынуы (ахлюль-бейт), бұны рафидилердің оппонентері ширк (серік қосу) яғни көп құдайға сену деп түсіндіреді; Құранды пайғамбардың соңынан ерушілер өзгертті деген сөзінде, Аллаһтың кітабын мойындамау, оны жалған деп айту, ал бұл Аллаһты жалған айтты деп айыптаумен тең келеді.

Екінші мағыналық бөліктің микротақырыбы кадарилер болып табылады, олардың пікірінше, «шын мәнісінде, Аллаһ құбылыстар орын алмайынша олар туралы білмейді (білімі жоқ)», яғни Аллаһ кез келген бір әрекет жасалғаннан кейін ғана ол туралы білетін болады. Мұндай сөзбен Аллаһты білімсіз, надан деп есептейді.

Үшінші мағыналық бөлікте джахмилер туралы исламнан тыс ағымның өкілдері ретінде айтылған.

Осылайша, даулы мәтіннің сөйлемдерінде себеп-салдардың өзара қатынастары айтылған, атап айтқанда: 1, 3, 9 сөйлемшелерде мәтіннің тезисі берілген, ал басқа сөйлемшелерде осы тезисті ашатын, оның негіздерін мазмұндайтын дәлелдер айтылған. Басқа сөзбен айтқанда, талданатын мәтінде рафиди-шииттерді, джахмилерді және нағыз къадарилерді дінге сенбеушілерге жатқызатын сөздер келтірілген және көрсетілген ағым өкілдерінің идеологиясына осындай баға беру сипаттары баяндалған.

Даулы мәтіннің жалпы мағыналық бағытын бекіте отырып, осы мәтіннің авторының (шейх Абдул-Азиз ар-Раджихи) және коммуникант Абдрахманов Н. коммуникативтік мақсатын анықтап алу керек. Мәтіннің мазмұндық-мағыналық талдамасында шейх Абдул-Азиз ар-Раджихидің өз сөзінде исламның аталған ағымдарын ұстанушылардың идеялық пікірлерін сынға алғаны, сөйтіп қабылдаушыны осындай идеологияның қаупінен сақтандыратыны  көрсетілген.

Берілген даулы мәтінде дәйексөздің авторының сөздеріне қандай да бір түрде (жағымсыз немесе жағымды) түсінік беретін Абдрахманов Н. идеялары, пікірлері, баға беруі кездеспейді. Сөйтіп, авторы Абдул-Азиз ар-Раджихи болып табылатын даулы мәтінге жасалған лингвистикалық талдау мәтіннің жалпы мағыналық бағыты толық дәйексөз авторының коммуникативтік ниетімен анықталатынын және Абдрахманов Н. өзінің қабылдаушысын (топ чатындағы діндестерін) шейх Абдул-Азиз ар-Раджихидің дәйексөзінде баяндалған рафидилер, джахмилер, нағыз кадарилердің идеологиясының қағидаларын сынау туралы ақпарат беруінде жатқанын көрсетеді.

Мәтінде көрсетілген деректер ислам доксографиясында яғни ислам тарихнамасының бір тарауында баяндалған, ал ол доксографияның зерттеу мәні исламның діни-саяси топтары, құқықтық мектептер және конфессиялық ағымдар мен қауымдар арасында кездесетін идеялық айырмашылықтарды сипаттау болып табылады. Талданып отырған дәйексөзде сынап бағаланған, исламдағы көрсетілген ағымдар өкілдерінің идеялық ұстанымдарына терең де мұқият түсіндірмені исламтанушы теологтар бере алады».

Мәтіннің мазмұндық-мағыналық талдамасы бірінші сұраққа жауап берген кезде екінші-үшінші сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік берді (сұрақтарды жоғарыдан қараңыз).

Қорытындыларды біріктіріп келтірейік. – шейх Абдул-Азиз ар-Раджихи айтқан сөздердің толық цитатасы болып табылатын және  рафидилер, джахмилер, нағыз кадарилер идеологиясының жеке қағидаларын сынауды қамтитын ««Назым» хабарламасы (Абдрахманов Н.А.)» мәтіннің мазмұндық-мағыналық талдамасы мәтінде діни тиесілілігі бойынша ерекшеленетін адамдарға өшпенділік, қастық қатынас білдіру қажеттігін негіздеу немесе ақтау белгілері жоқ екенін, сонымен қатар адамдардың діни тиесілілігіне байланысты оларға қарсы озбырлық, зорлықшыл әрекеттер жасау қажеттігін негіздейтін және ақтайтын белгілердің кездеспейтінін көрсетті.

Сөйтіп, бізде осы іс бойынша жетілмеген күйдегі бір мәтін қалады, оның авторы ғалым дінтанушы шейх Абдул-Азиз ар Раджихи, ал мәтінде сүннитер (мұнда: сәләфи сүнниттер) мен шииттер арасындағы конфессиялық айырмашылықтардың басты бір аспектісі түсіндіріледі; шейх сипаттама берген құбылыс ислам тарихының және қазіргі заманғы исламның нағыз объективті фактісі болып табылады, ислам доксографиясында көрініс тапқан [4, 163-164 беттер]. Алайда, сарапшы саясаттанушы Мұхатаева Г.И. қорытындысына сәйкес,  берілген мәтінде «діни алауыздық қоздыру белгілері бар». Айыптау үкімінің негізі ретінде Абдрахманов Н. саясаттанушының осы қорытындысы алынғандықтан, онда бұл сараптама (= осы мәтін) соттың Абдрахманов Н. бес жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы туралы үкім шығаруына себеп болды деуге болады.

Үмбеталиев А. экстремистік материал ретінде тек бір мәтін ғана тиесілі болады, оның қысқаша талдауы төменде келтірілген.

Мәтін:

«Неліктен қазіргі уақытта жаңалық енгізушілерден сақтандырады?

Шейх Салих әл-Фаузанға қойылған сұрақ: Мұсылман үмбеті яһудейлермен, христиандармен және зайырлы билік түрімен (альмания) қастастықта болған кезде, жаңа енгізілімді ұстанушылардан не үшін сақтану керек?

Шейхтың жауабы: «Мұсылмандар өздерінің арасындағы жаңа енгізілімдерге қарсы тұрмайынша және сол ауруларды емдемейінше, яһудейлер мен христиандарға қарсылық көрсете алмайды! Тек содан кейін ғана олар яһудейлер мен христиандарға қарсы тұра алатын болады. Алайда, мұсылмандар өз дінінен алыстай беріп, жаңа енгізілімдер мен күнәға бата беріп, өз діндерін жеңілдеткен сайын олар яһудейлерге де, христиандарға да қарсылық көрсете алмас! Шын мәнісінде, дінде олқылықтар жіберу себебінен олар мұсылмандардан үстем болды. Сондықтан яһудейлермен және христиандармен күресуден бұрын, қоғамды жаңаша енгізілімдерден, сөгіс айтылатын сипаттардан тазарту, Аллаһтың, оның Елшісінің (Аллаһтың оған сәлемі мен игілігі болсын) бұйрықтарын орындау міндетті болып табылады! Ал олай болмаған жағдайда, егер біз олармен осындай күйімізде күресетін болсақ, онда біз ешқашан оларды жеңе алмаймыз, және біз дәл қазір осындай күй кешудеміз. Олар біздің күнә жасау себебінен бізден үстам болуда!» «әл-Иджабат әл-Мухимма» 128 қараңыз».

Берілген мәтіннің мазмұндық-мағыналық талдамасы келесілерді көрсетті. Айтылған сөздердің мақсаты жағынан талданып отырған мәтін сақтандырып айтылған сөйлеу әрекеті немесе ескертпелі сөйлемдер болып табылады. Ескертудің қатысымдық міндеті ‘А-ның салдарын есте сақтай отырып, В әрекеттерін жасама’ деген семантикалық формуламен сипатталады.

Мәтіннің тақырыбы бірінші сөйлемде көрсетілген (Неліктен қазіргі уақытта жаңалық енгізушілерден сақтандырады?), ол мәтінде бүгінгі күні жаңалық енгізушілерден сақтандыру себептері туралы қойылған сұраққа жауап беруді болжайды. Мәтіннің келесі бөлігі айтылған сақтық себептері мен мақсаттарының түсіндірмесін қамтиды.

Мәтіндегі негізгі сөз – «жаңалық» сөзі. Ислам терминологиясында «жаңалық» термині бидағат сөзімен белгіленген. «Бидағат» (бидаат) ұғымы Мұхаммед пайғамбардың (с.а.с.) сөздері мен әрекеттеріне қарсы келетін амалдарды білдіреді; исламда полемиялық және доксографиялық әдебиеттерде «теріс көрсету» (адасу, жаңылысу) деген мағынада қолданылады. Бидағат ұғымының нақты шектері болмады: әртүрлі догматикалық мектеп өкілдері сол бір әрекетті немесе пайымдаманы бірде «рұқсат етілмеген жаңалық» немесе «жаңылысу», бірде Құран мен сүннеттің беделі қамтылған «хақ дін» деп сипаттады (2-қосымшаны қараңыз). Мәтінде жаңа енгізілім (бидағат) сөзінің мәнмәтіндік синонимдері ретінде аурулар, күнәлар, өз дініндегі жеңілдіктер, діндегі қателер, сөгіс алатын сипаттар сөздері келтірілген (бидағат құбылысын толық, жағдайға қатысты түсіндіру үшін исламтанушы теологтар тартылуы мүмкін).

Талданылатын мәтінде діни беделі бар, шейх Салих әл-Фаузан (Саудиялық исламтанушы діндар және құқықтанушы ғалым, елдегі бірнеше сенімді діни ұйымдардың мүшесі) түсіндірмелер береді.

Шейх түсіндірмесінің негізгі идеясы келесі сөйлемдерде берілген: «Мұсылмандар өздерінің арасындағы жаңа енгізілімдерге қарсы тұрмайынша және сол ауруларды емдемейінше, яһудейлер мен христиандарға қарсылық көрсете алмайды! Тек содан кейін ғана олар яһудейлер мен христиандарға қарсы тұра алатын болады.

Осы сөйлемдердің мағынасын құрайық – ‘Мұсылмандар бәрінен бұрын өздерінің ішіндегі жаңа енгізілімдер түріндегі ауруларын (ауру секілді діни сенімді жоюы мүмкін) емдеуі тиіс, тек содан кейін (сау организммен) яһудейлер мен христиандарға қарсы тұруы керек’.  

Ескертудің келесі бөлігі мұсылмандар үшін ықтимал қауіп бар, қазіргі уақытта және болашақта олардың мүдделеріне қауіп-қатер төндіретін (олар яһудейлерге де, христиандарға да қарсы тұра алмас!;  Шын мәнісінде, олар діндегі қателіктері себебінен мұсылмандардан үстем болды; біз оларды ешқашан жеңе алмаспыз, дәл қазір біз осындай күй кешудеміз. Олар біздің күнә жасау себебімізден бізді жеңіп отыр!) істі, жағдайды көрсетеді (…мұсылмандар өз дінінен алыстауда, өз дінін жеңілдете отырып, жаңа енгізілімдерге жол беріп, күнәға батуда; … егер біз олармен осындай күімізде күресетін болсақ).

Осы қауіп-қатерді болдырмау үшін, сөйлеп отырған, шейх Салих әл-Фаузан, өзінің көзқарасы бойынша орын алған күрделі жағдайдан ең дұрыс шығу жолын ұсынады, және бұл жол өзі сипаттап отырған істің нақты қауіп төндіруінің алдын алуға мүмкіндік береді деп сендіреді (Сондықтан қоғамды жаңа енгізілімдерден, сөгіс алатын қасиеттерден тазарту, және Аллаһтың, Оның елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) бұйрықтарын орындау міндетті болып табылады …). Берілген діни мәтінге терең де мұқият түсіндірмені исламтанушы теологтар бере алады.

Осылайша, мәтіннің мазмұндық-мағыналық талдамасы оның жалпы бағыты (қатысымдық мақсаты) сөйлеушінің тыңдаушыға (қабылдаушыға) исламда жаңа енгізілім (бидағат) сияқты құбылыстың бар екендігі туралы ақпарат беруінде жатқанын көрсетеді, ал бұл құбылыс әлеуетті қауіп болып табылады және мұсылман үмбеті үшін жағымсыз салдарға алып келуі мүмкін. Осындай ескертудің түпкі мақсаты сөйлеушінің мұсылмандар үшін жағымсыз жағдайлар туралы ескертуінде, оларды болдырмауға, діни сенімдерін нығайтуға тырысуында жатыр. 

Мәтіннің мазмұндық-мағыналық талдамасы бірінші сұраққа жауап берер кезде екінші-үшінші сұрақтарға теріс жауап беруге мүмкіндік берді.

Сөйтіп, орыс тілінде «жалаң фактілер (голые факты)» деген сөз бар, яғни толықтырусыз, түсініктер берусіз, негіздерсіз, өздігінен алынған фактілер. Біздің істе мұндай «жалаң» факті ретінде авторы шейх Салих әл-Фаузан болып табылатын және сәләфилер мен дәстүрлі ұстанушылардың діни тәжірибелері саласындағы айырмашылықтарды сипаттайтын маңызды діни тақырыптардың бірі ашылып жазылған бір мәтін саналады. Салих әл-Фаузан сөз қылып отырған құбылыс (бидғат) исламның діни тәжірибесінің объективті фактісі болып табылады [4, 163-164 беттер]. Саясаттанушы Мұхатаева Г.И. мәтін ішінде діни алауыздық қоздыру белгілері бар деп санады. Осылайга, бір мәтіннің осындай сараптамалық бағасы Үмбеталиев Азаматқа бес жыл және алты ай бас бостандығынан айыру үкімін шығару үшін негіз болды.

Ащы бір қалжың келтірейік: сыбайлас ретінде бұл жерде араб әлемінде беделді болып табылатын шейх Салих әл-Фаузанды діни экстремист деп тани отырып, тартуға болар еді, алайда халықаралық жанжалдың бізге еш керегі жоқ! 

*

Искаков Жасұланның (Әбу Мұса) ісі бойынша даулы материалды (екі мәтінді) келтірейік.

1-хабарлама

Глоссарий

САЛАУАТ,  (араб. сәлат: дұға; сәләват – көп.түр.) – құдайдың рақымы. Енді намаздың аты салауат. Салауат дұға мағынасында деген (Абай) (4, 247 бет)

«Жаңа енгізілім» ұғымы ислам догматикасында БИДҒАТ терминімен белгіленген, ол шииттер мен харижилердің көзқарасы бойынша Мұхаммед пайғамбардың (с.а.с.) сөздері мен әрекеттеріне қайшы келетін іс-әрекет (амалдар). «Рұқсат етілмеген жаңалық», «жаңылысу» мағыналарында және Құран мен сүннеттің беделімен қамтылған «хақ дін» деген мағынада да қолданылған және қолданылып келеді (№2 қосымшаны қар.).

Сопылар – сопылық ағым ізбасарлары. Сопылық ислам терминологиясында ат-ТАСАУУФ деп айқындалады (№3 қосымшаны қар.)

ЗІКР (көп.түр. азкар; «еске алу», «еске түсіру») – құдайдың атын мадақтап, еске алу (№4 қосымшаны қар.).

Тахмид (асыра мақтау, мадақтау) – Аллаһты мадақтау, бірақ тек тасбих – бұл лайықсыз сипаттарды мойындамау, ал тахмид – бұл «әл-хамду ли-Ллях» (Аллаһқа шүкір, мақтау болсын) сөздері, Аллаһты еске алу және Оның мінсіз, ұлы және бәрінен биік болу сипаттарын айту. Мысалы, дін ұстанушылар Аллаһты Күшті, Ақылды, Жоғары, Білуші, Естуші, Көруші, және Жаратушының басқа да есімдерін айту – бұл тахмид.

Сахаб, ислам терминдерінде әл-АСХАБ – Мұхаммед (с.а.с.) ізбасарлары, онымен тығыз қарым-қатынаста болған немесе оның жорықтарына қатысқан адамдар; кейін Мұхаммедті (с.а.с.) өмірлерінде бір рет болсын көргендердің, тіпті бала болсын, бәрін сахаба деп атай берді (№5 қосымшаны қар.).

Шеңберді айналу деген ұғым «айналып жүру сөзіне синоним – бұл біреудің/ бір нәрсенің бір адамнан екінші адамға өтуі, бір орыннан екінші орынға ауысып, қайталанатын қозғалыс».

Мәтін

Ғибадат ету ретінде бұл өздігінен жақсылық пен сый. Алайда, салауаттың (немесе ғибадаттың) түрі немесе жағдайлары өзгерсе, онда ол жаңа енгізілімге айналуы мүмкін. Мысалы, сопылар шеңберді айналып жүріп, жүгірген кезде, зікірден басқа ештеңе айтпайтын сияқты. Салауат сияқты, тасбих сияқты, тахмид сияқты. Бірақ бұлай Пайғамбар да сальаллаху алейхи уасалям, сахабалар да жасамаған.

Осы хабарламаның мәтіні 5 сөйлемшелерден тұрады. Бірінші сөйлемшеде барлық бөтен заттардан көңіл аударудағы дұға ретінде салауатқа жалпы сипаттама беріледі (Ғибадат ету ретінде бұл өздігінен жақсылық пен сый), бағалау жақсылық пен сый деген бағалау лексикасының көмегімен айтылған.

Екінші сөйлемшеде сөйлеп тұрған адам мүмкін деген модалдық сөзімен жағымды бағаланатын дұғаның (салауаттың) жаңа енгізілімге айналып кету мүмкіндігін болжайды (яғни «рұқсат етілмеген жаңалыққа», «жаңылысуға», бидағатқа) (№2 қосымшаны қар.). Ғибадат ету сапасын өзгерту шарттары ғибадат ету түрлерін немесе жағдайларын өзгерту болып саналады (Алайда салауаттың (немесе ғибадаттың) түрі немесе жағдайлары өзгерсе, онда ол жаңа енгізілімге айналуы мүмкін).

Екінші сөйлемшеде айтылған сөз үшінші сөйлемшенің мазмұнында нақты жазылған, ал онда сопылардың ғибадат еткен (зікір) кездегі әрекеттерінің ерекшеліктері сипатталады (№№3, 4 қосымшаларды қар.): Мысалы, сопылар шеңберді айналып, жүгірген кезде, зікірден басқа ештеңе айтпайтын сияқты.

Сөздік мақалада ЗІКІР (біз белгілеп қойдық. – Арн.) сопылық ағымда зікір «іздеушіге» психологиялық әсер ету әдісі болып табылады, күрделі рәсім болып табылады, оны орындау үшін ерекше ырғақты қимыл-қозғалыстарды меңгеру қажет (ырғақпен шеңберді айнала жүреді – Арн.)  деп белгіленеді; зікір екі түрі – жеке және ұжымдық қолданылады, екеуінің де мақсаты бір – сопының экстатикалық транс күйге түсіру. Трансқа жылдам кіру үшін бірқатар техникалық тәсіл-амалдар құрылды: дауыс, әуен, би, ырғақты ауыстыру және тыныс алу жиілігін, дененің қалпын өзгерту – мұның барлығы біртұтас мақсат болды – бүкіл болмыстың (тіршіліктің) назарын Құдайдың есімін шексіз қайталауға шоғырландыру (№5 қосымшаны қар.). 

Көріп отырғанымыздай, айтып отырған адам түсіну үдерісінде сопыларға ерекше қимыл-қозғалыстарды жатқызбайды, бұл қимыл-қозғалыстарды (әрекеттерді) сопылардың діни тәжірибесіне объективті түрде тән ретінде сипаттайды.

Осылайша, үшінші сөйлемшеде сопылардың ғибадат ету (еске алу, дұға айту) рәсімдерінің ерекше белгілері көрсетілген, олар мынадай айрықша қимыл-қозғалыстар: айналады, шеңберді айнала қимылдайды, жүгіреді.

Үшінші және төртінші сөйлемшелерде автор (Искаков Ж.) сияқты деген бөлшектің көмегімен, бір жағынан, сопылардың ғибадат ету рәсімінің Жаратушыны мақтайтын атаулармен Аллаһты дәріптеу жағынан сопы емес адамдармен ұқсастығы туралы болжамды айтады (…зікірден басқа ештеңе айтпайтын сияқты. Салауат сияқты, тасбих сияқты, тахмид сияқты). Бесінші сөйлемшеде автор, екінші жағынан, сопылардың рәсімінің жаңа енгізілім анықталатын басты белгі жағынан сопы еместерден айырмашылығын атап өтеді: көрсетілген ғибадат ету элементтері (шеңберді айналып жүреді және жүгіреді) Мұхаммед пайғамбардың (с.а.с.) және оның ізбасарларының дұға ету кезіндегі әрекеттеріне қарсы келді: Бірақ бұлай Пайғамбар да сальаллаху алейхи уасалям, сахабалар да жасамаған.

Сөйтіп, берілген хабарлама мәтінінің лингвистикалық талдамасы келесілерді көрсетеді.  Хабарлама тақырыбы сопылардың Аллаһқа ғибадат ету (зікір) ерекшеліктерін сипаттау болып табылады. Бұл ерекшеліктер, сөйлеп отырған адамның болжамына сәйкес, сопылардың «рұқсат етілмеген жаңалық», «жаңылысу» секілді жаңа енгізілімдері туралы дәлелдеуі мүмкін.

Қорытындыда маман Искаков Ж. берген пайымдауларын қосымша түрде толық, мұқият исламтанушы теологтар түсіндіре алуы мүмкін деп айтады. Және теологтың бұл түсіндірмесі «сәләфизм және сопылық: ғибадат етудегі айырмашылықтар әртүрлі діни тәжірибелердің мысалы ретінде» деген діни тәжірибеде өзекті тақырыпқа қатысты болар еді. [4, 163-164 беттер]

2-хабарлама

Глоссарий       

Үкім – бұл кез келген құбылыс туралы қандай да бір пайымдау

Тәкпір – бұл сенбеушілікте (күпірлікте) айыптау. 

Амал – еңбек, қам, жұмыс, әрекеттер, амалдар

Күпір – исламдағы ең қорқынышты күнәні – құдайға сенбеушілікті білдіретін термин. Күпірлікке түскен адамды кәпір яғни дінсіз деп атайды.

Мәтін (талдау жасау ыңғайлы болу үшін сөйлемдерді біз нөмірлеп қойыдық. – Арн.):

1 Дінге күлетін жағдай кездеседі (мысалы сақал ақымақтық, ортағасырлық және т.с.с. деп айтасыз.». 2 Және сақалға күлетін кездер де болады (түрі, қалыңдығы немесе салыстырады …). 3 Үкімдер әртүрлі. 4 Бұл мысал келітрді. 5 Бірақ та бұл жақтырылмайтын нәрсе. 6 Бауырларға бірден тәкпір шығармандар. 7 Түсіндіріңдер, қорқытыңдар. 8 Өте қауіпті нәрсе. 9 Дінді күлкі ету:

- Исламнан шығарады

- Балық амалдарды пайдасыз етеді

- Адамды мәңгілік Тозаққа душар етеді, егер тәубе келтірмесе

10 әл Хаджауи әл Ханбали тәкпірдің шарты туралы былай айтты: «Дінді мазақ етулерінде анық – не сөз айтады, не амал істейді». 11 Дереккөзі: «Әл Икна» 12 Және дінді қорлау мазақ ету, кемсіту және жаратпай айтып салу, нақты не боладыосы жердекүпірлік болып табылады. 13 Сөйлеп тұрған адамның екі мәнді, және ниетіне байланысты жағдайында не болады оның ниеті анықталмайынша, оған тәкпір шығаруға рұқсат етілмейді. 14 Шейх Ислам ибн Теймия былай дейді: Қандай да бір екі мәнді нәрсеге тәкпір шығармайды». 15 ас-Сарим әл-Маслюль, 517 қар.

Осы хабарламаның мәтіні 15 сөйлемнен тұрады, оларды маман егжей-тегжейлі талдап шықты. Біз бұл бөлігін алмай, тек аралық қорытындыларын келтіреміз.

«Берілген хабалама мәтінінің лингвистикалық талдамасы келесілерді көрсетеді. Тақырыбы исламда өзекті мәселе – адамның құдайға сенбеуі және исламннан шығуын қозғайды. Адамды исламнан шығаратын факторлардың бірі дінді қорлау (мазақ еті) болып табылады. Хабарлама авторы мұсылмандардың сақалдары туралы екі сөздің мысалында осы құбылыстың ерекшеліктерін көрсетеді. Бұған қоса, сөйлеп тұрған адам қабылдаушыны мұсылманды асығыстықпен құдайға сенбеушілікте кінәлаудан сақтандырады, онымен қоса дінді мазақ ету қаупін, оның салдарын түсіндіреді. Әртүрлі дәуірлердегі танымал діни адамдардың сөздеріне дәйексөз келтіре отырып, автор сөздер мен амалдар қандай жағдайда сенбеушілік (күпірлік) болатынын, және қандай кезде тәкпір шығарылмайтынын түсінідіреді. Аса діни сипатқа ие болатын осы хабарлама жағдайларына терең де мұқият түсіндірмені исламтанушы теологтар бере алады.

Хабарламаның жалпы бағыты (қатысымдық мақсаты) қабылдаушыға келесілер туралы ақпарат беру болып табылады: 1) ислам догматикасында дінді қорлау (мазақ ету) секілді құбылыстың болуы және ерекшеліктері туралы, 2) дінді мазақ ету қаупі туралы, 3) құдайға сенбеушілікте айыптау тәсілдері туралы, сенбеушілікте айыптау шарттары туралы. Сөйлеп тұрған адамның негізгі мақсаты қабылдаушыны дінді қорлау (мазақ ету) қаупі туралы және солайша өз сенімін нығайтуды ескертуге тырысуында жатыр. Жалпы, хабарламалардың екі мәтінің мазмұны мен мағынасынан олардың негізгі бағыты автордың басқа адамдарға ислам догматикасынан алынған көзқарастар, орныққан пікірлер, ережелер, оның ойынша, осы адамдардың өміріне кіріп, тәжірибеде қолданылуы үшін пайдалы әрі қажет болатынын хабарлау болып табылатыны көрініп тұр».

Екі мәтін бойынша екінші-үшінші сұрақтарға жауаптар, сондай-ақ, теріс болды: қарастырылған мәтіндерде діни тиесілілігі бойынша ерекшеленетін адамдарға өшпенділік, қастық қатынас білдіру қажеттігін негіздеу немесе ақтау белгілері жоқ, сонымен қатар адамдардың діни тиесілілігіне байланысты оларға қарсы озбырлық, зорлықшыл әрекеттер жасау қажеттігін негіздейтін және ақтайтын белгілер кездеспейді. Жоғарыда айтылғанға, біздің танымал саясаткердің сөзінде кездестірген «Сенім қысқа шалбар кию емес» деген сөзі, іс жүзінде, бізге автор түсінідіріп отырған исламдағы құбылыстың мысалы екенін қоса кетейік. Кейбір мұсылман қауымдарының сақал жіберіп, қысқа балақты шалбар киюі діни сенімнің ажырамас бөлігі, оның сыртқы атрибутытары болып табылады. Және кез келген амал яғни бұл тартып алу немесе шектеу, не болмаса күлкі ету адамды сенімінен айыруға тырысуды білдіреді.

Тағы да, сарапшы саясаттанушы Мұхатаева Г.И. қорытындысына сай,  берілген мәтіндерде діни алауздық қоздыру белгілері бар. Искакова Ж. «кінәсінің» жалғыз дәлелі оның діни ұстанымы мен діни тәжірибесі үшін аса маңызды аспектілер туралы осы екі мәтін болғандықтан, бұл сараптама Искаков Ж. қатысты бес жыл және алты айға бас бостандығынан айыру туралы сот үкімін шығаруға негіз болды деп айтуға болады.

*

Сонымен қатар, Саматов Ернардың ісі бойынша даулы материалды (екі мәтіннің біреуі) келтірейік.

Глоссарий

Сопы  – сопылық ағымды ұстанушы. Сопылық ислам терминологиясында ат-ТАСАУУФ болып айқындалады. (№2 қосымшаны қар.)

Мүшрік – пұтқа табынушы, Жаратушымен қатар басқа да құдайларды немесе жартылай құдайларды мойындайтын адам. Мұсылман ғалымдарының көбі тек көп құдайға табынушылар мүшріктер болып табылады деп санайды (№3 қосымшаны қар.).

Ахи (араб., сөзбе-сөз – менің бауырым) – бауыр (исламда) 

Тауассуль (араб. توسُّل –  жақындықты іздеу, жампаң қағу) –  басқа адамды ортаға салып, Аллаһтың Көркем есімдерімен немесе жақсы амалдармен Аллаһқа жақындау тәсілі. Сонымен қатар, тауассуль – бұл мұсылмандардың Аллаһқа жақындауға тырысатын діни тәжірибе. Тауассульдің нақты анықтамасы және әдісі ислам ағымдары ішінде даулы болып табылады.

Шейх – бұл жерде:  жоғары мұсылман дін басының өкілі; діндар және құқықтанушы.

Мәтін        

«Ал егер мешітте мүшрік-сопы намазға имам болса, кейде имамның өзі, алайда көбінесе сол…. сушриком артынан істемейтіні түсінікті Сұрақ басқасында * мүшрік деп Яғни сұрақ мен бұл мешітке бармайақ қойсам бола ма болып отыр?... Иә, мен мүшрік адамға ахи деп жай айтпас едім Бір бауыр бетпе-бет онымен пікірталастырды және сол адам өзінің шейхтары арқылы тауассуль жасайтынын мойындады»

6 сөйлемшелерден тұратын берілген сөз, іс жүзінде, күрделі мәтін болып табылады, онда автор өзін мазалайтын сұрақты қояды, ал оған кемінде екі жауап берілуі мүмкін: осы мешітке бару керек пе/керек емес пе. Сұрақ сөйлеп тұрған адам үшін өзекті болып табылады, себебі ол автор үшін маңызды болатын рухани өмір, дін салаларымен байланысты. Сөйлеп тұрған адамның ислам догматикасы саласында, атап айтқанда, Аллаһтың бірлігін мойындайтын және көп құдайшылықты үзілді-кесілді қабылдамауды білідіретін, және «Аллаһтан басқа құдай жоқ» формуласында көрініс тапқан, бірінші догмат – құдайдың бірлігі жағынан нақты бір білімі бар. Сопылық сыншылары ислам энциклопедиясында баяндалған сопылық пен пұтқа табынушылық арасындағы байланыс туралы айтады. Кейбір қағидаларын келтірейік: «Кейбір пұтқа табынушылық салаларына ислам бұл уақытта тек сопылық түрде енген болатын»; «ат-Тасаууф (сопылық. – Арн.) көп ережелері ертеректе түпкі халық арасында болған пұтқа табынушылық сенімімен араласып кетті: оның ішінде, ата-баба ғұрыптары, анимизм (барлық заттың жаны бар деп санаған алғашқы қоғамдағы жабайы ойлау), сиқыр және т.б.» (2-қосымшаны қар.). Сондықтан, автор сопылық жақтаушысын мүшрік-сопы яғни көп құдайға табынушы деп атайды (3-қосымшаны қар). Сондықтан, автор өзі үшін маңызды болған сұраққа жауап іздейді: Сұрақ басқа * мүшрік деп Яғни сұрақ мен бұл мешітке бармайақ қойсам бола ма болып отыр?  Осы сұрақтың негізінде факті туралы келесі пікір жатыр:  …мешітте намазға мүшрік-сопы имам болады, кейде имамның өзі, алайда көбінесе сол

Автордың сопыны теріс бағалауына байланысты сопылық исламның ағымы ретінде өзінің бүкіл тарихи ішінде сүнниттік дін мамандары тарапынан қатты сынға алынғанын атап өту керек. Ал осы сүннит діндарлар сопылық ағымды «рұқсат етілмеген жаңалықтарды (бидағат) өрістеткені, шариғат қағидаларын ауыстырға және өзгерткені және т.б. үшін сынап-мінеген. Бірқатар мұсылман елдеріндегі сопы бауырлардың қызметіне жартылай немесе толық тыйым салынған болатын (2-қосымшаны қар.).

Автордың сөзінің мағынасын анығырақ ашу үшін бірінші төрт сөйлемшені екі сұрақ қылып өзгертейік: Егер мешітте намазға көбінесе мүшрік-сопы имам болса, онда автор не істеуі керек? Ол осы мешітке бару міндетінен босатылады ма? (сұрақтың бір нұсқасы ретінде: Ол осы мешітке бармаса бола ма /бармауы керек пе?). (Хабарлама авторын, исламның барлық догматтарын, соның ішінде құдайдың бірлігін мойындай тұра, намазға көп құдайға табынушы адам имам болатын мешітке баруға мәжбүрлі екені туралы жағдай мазалайтыны анық). Сөйлеп отырған адам өзінің діни сезімдерін қорлайтын жағдайдан шығу жолын іздейді.

Бесінші сөйлемшеде ол адамды негізсіз мүшрік деп атай алмайтынын айтады. Алтыншы сөйлемшені түсіндіру үшін мәнмәтін жеткіліксіз болуда. Мойындау «бірдеңе туралы ашық жариялауды, бірдеңе істеуді жасырмауды» білдіреді. Әдетте, жақтырылмайтын істі мойындайды. Болжап айтқанда, мешітте намазға имам болған адамға қатысты автордың күмәні туындауының негіздері алтыншы сөйлемшеде баяндалған. Ал, оны түсіндіру үшін, келесі сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік беретін ауқымдырақ мәнмәтін қажет: Сөйлеп тұрған адамның діни бауыры мешітте намазға иман болған адаммен не туралы дауласты? Ол адам нені мойындады?

Исламтанушы теолог мамандар қойылған сұраққа толық жауап беріп, соңғы алтыншы сөйлемшені түсіндіріп бере алар еді (Бір бауыр онымен бетпе-бет пікірталастырды және ол өзінің шейхтары арқылы тауассуль жасағанын мойындады). Сонымен қатар пұтқа табынушылық пен сопылық арасындағы байланыс туралы, сүннит дін мамандарының сопылықты сынауы туралы деректер ислам тарихына, догматикасына және доксографиясына сай келе ме жоқ па деген сұраққа да исламтанушы теолог маман жауап бере алар еді.

Сөйтіп, берілген мәтіннің мазмұндық-мағыналық талдамасы жалпы бағыты автордың өзін толғандыратын сұраққа, атап айтқанда: көп құдайға табынушы деп санайтын сопы адам мешітте намазға имам болса, оған сол мешітке баруға рұқсат па, қатысты ақпарат алғысы келетінін көрсетеді.

Екі мәтін бойынша екінші-үшінші сұрақтарға жауаптар теріс болды. Сарапшы-саясаттанушы Акбарова Р.А. Саматов Ернардың осы және оған қоса тағы бір хабарламасында алауыздық қоздыру және терроризмді насихаттау белгілерін анықтады. Соттың үкімі – Саматова Ернарды жеті жарым жылға бас бостандығынан айыру жазасы.

Басқа сотталғандардың даулы хабарламарының жалпы бағытын мазмұны жағынан екі аспектіге бөлуге болады. Біріншіден, бұл қабылдаушыны (WhatsApp орналастырылған чат коммуниканты) исламның діни-саяси топтары, исламдағы конфессиялық ағымдар арасында болатын әртүрлі идеялық айырмашылықтар туралы хабардар ету. Бұл айырмашылықтар келесі танымал араб дін мамандарының мәтіндеріне дәйексөз ретінде келтірілген: шейх Фаузан, дін маманы Мұхаммед бин Абдул Уахаб, шейх Мукбиль әл-Уади, ибн Таймия, шейх ас-Саади, шейх Хаммад әл Ансари, шейх ибн Усеймин, шейх Әбд уль Хамид әл Джухани және т.б. Екіншіден, бұл қабылдаушыны әртүрлі қауіп-қатерлерден сақтандыру, соның ішінде, жалпы мұсылман қауымы үшін ғана емес, сонымен қатар, дәл сәләфилер үшін де қауіпті болатын ихуандардың идеологиясынан сақтандыру; хариджилердегідей діндегі нысапсыздық секілді себеппен мұсылманның діннен шығу қаупі туралы ескерту; жастарды қате түсіндірмелерден сақтандыру; Сауд Арабиясы және жалпы бүкіл әлем үшін хариджилердің қауіпті болуы туралы ескерту; жастарды хариджизм идеясынан сақтандыру және т.б.

Қабылдаушы үшін Сулейменов Е. ақпараттық хабарлама дәлелді хадиске, яғни канондық мәтінге негізделген, зиммиге (мұсылман мемлекетінде өмір сүретін мұсылман емес халық) қатысты арнайы құқықтық нұсқама сипаттамасын қамтитын мәтін болып табылады. Оған саясаттанушы Мұхатаева Г.И. теріс баға береді, ал ол өзінің 24.09.2018 жылғы №34 қорытындысында оны «діни алауыздық қоздырушы және исламның басымдығын және христиан мен иудаизм діндерінің толымсыздығын насихаттаушы» ретінде мойындайды. Басқа сөзбен айтқанда, Мұхатаева Г.И. нық бекітілген және дәлелді хадиске канондық мәтін ретінде теріс баға береді, ал бұл ислам догматикасы тұрғысынан рұқсат етілмейді.

Барлық тоғыз мұсылманның қорытындылары үшін маман Карымсакова Р.Д. жалпы тұжырымдары: зерттеуге ұсынылған дулы мәтіндерде  1) діни тиесілілігі бойынша ерекшеленетін адамдарға өшпенділік, қастық қатынас білдіру қажеттігін негіздеу немесе ақтау белгілері жоқ, сонымен қатар адамдардың діни тиесілілігіне байланысты оларға қарсы озбырлық, зорлықшыл әрекеттер жасау қажеттігін негіздейтін және ақтайтын белгілер кездеспейді, сонымен қатар 2) жарылыстар, өрт және/немесе адамның қаза табуына, мүліктік зиян келтіруге қауіп төндіретін өзге іс-әрекеттерді жүзеге асыру қажеттігін негіздейтін немесе ақтайтын белгілер жоқ.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Қазақстанда алауыздық қоздырған үшін сотталғандар саны артуда (https://cabar.asia/ru/)

2. Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздық қоздыру істері бойынша сот филологиялық сараптамасы жөніндегі қысқа анықтамалық. – Алматы, «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры, 2019 (http://www.adilsoz.kz/publication/show/id/43)

3. Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздық қоздыру істері бойынша сараптамалық зерттеу әдістемесі. – ҚР ӘМ ССО, 2019.

4. Мұртазин М.Ф. Посткеңестік кеңістіктегі сәләфилік дискурс // Ресей және мұсылман әлемі. №4 (45), 2019. С. 88-102

Р.Д. Карымсакова