Сәләфилер-уахаббилер = экстремисттер және терроршылар?

КСРО және посткеңестік елдердің жария саяси дискурстарында сәләфизмның синонимі ретінде «уаххабизм» ұғымы жиі қолданылады, алайда ол мазмұны мен мағынасы жағынан кеңірек феномен – «сәләфизмнің» жеке танылуы ғана болып табылады. Тіпті ХVIII ғасырға дейін сәләфилер мен исламның өзге идеологиялық бағыттары өкілдерінің арасындағы қарама-қайшылық теориялық сипатта болды және мұсылман әлемінің әртүрлі бөліктеріндегі діни қоғамдастықтар ішінде даулармен және пікірталастармен шектелді. Мұхаммед ибн Абд әл-Уаххаб өз қызметін Араб түбегінде жеке дара және Осман империясына туәелді емес араб үкіметін құруға бағыттай отырып, сәләфизмді мұсылмандық ойдың діни ілім-идеялық бағытынан діни-саяси қозғалысқа өзгертуге алғаш тырысқан. Саудидтердің (1932 ж. бастап Сауд Арабиясы Корольдігі) жаңа араб үкіметінің идеялық негізі ретінде сәләфизм идеологиясы қабылданған болатын, ал Мұхаммед ибн Абд әл-Уаххабтың қозғалысының өзі уаххабизм атауымен танымал болды. «Уаххабия»/уаххабизм терминінің өзі сәләфилер арасында заңды болып танылмайды, себебі олар ибн Абд әл-Уаххабты қандай да бір жеке немесе жаңа діни ілім бағытының негізін қалаушы деп санамайды. [1]

«Уаххабизм» ұғымын Кеңестік Одақта және посткеңестік республикаларда пікірталас тудыратын терминологияда қолдану іс жүзінде бұл ұғымның мұсылман әлеміндегі шынайы мағынасымен ешбір байланысы жоқ. Исламда уаххабизм – идеялық қайнар көзін Мұхаммед ибн Абд әл-Уаххаб ілімінен алатын ағым (XVIII ғ.). «Әл-Уаххаб ислам діні Мұхаммед пайғамдар (с.а.с.) қайтыс болғаннан кейін бұрмаланып, бастапқы жолына жат болып дамыды деп мәлімдеді. Ол ежелгі қасиетті мәтіндерге барынша жақын болу үшін іргелі исламға оралуға шақырды»  [2]. Оның ілімінің негізі әулиелердің табынғандарын мінеп, бірқұдайлықты (таухид) бекіту: Аллаһ – жалғыз жаратушы және адамдар тарапынан тек қана ол табынуға лайық. Нағыз исламның көзі ретінде әл-Уаххабтың ізбасарлары (уаххабилер) Құран мен Сүннет қана деп санады, ал діннің осы дереккөзімен «сәйкес келмегеннің» барлығын бидағатқа – «тыйым салынған жаңалыққа», «адасуға» жатқызды. Сондықтан, әл-Уаххаб ізбасарларының пікіріне сүйенсек, жаңа енгізілімнен арылып, исламның бастапқы заңдарына оралу керек.

Шын мәнінде, уаххабилер діни сенімнің басқа ағымын ұстанушы мұсылмандармен Құранның құдайдан түскен уаһи қамтуы және кез келген мұсылман исламның қағидаларымен өмір сүру керектігі туралы пікірімен ортақ. Алайда, олар ислам негіздерінің тікелей түсініктерін қатаң ұстанып, мұсылмандарды исламның осы жолына қайта оралуға шақырады. [3]

 «Уаххабизм» термині Кеңес Одағында Ауғанстандағы соғыс себебінен 80-шы жылдары пайда болды, ол кезде уаххабилер деп бастапқыда мұджахед оппозициясының өкілдерін атаған: олардың ішінде дәл уаххабилердің өзі болған Парсы шығанағы елдерінен еріктілер аса көп болды, себебі, уаххабизм – Сауд Арабиясының ресми діни-саяси доктринасы. Жалпы, мұндай белгі Ауғанстанда кеңестік тәртіпке қарсы күрескендердің барлығына тағылды. Термин кейін Тәжікстандағы азаматтық соғыс кезінде жаңа мәнге ие болды (азаматтық соғыста негізгі текетірес бұрынғы коммунистік дегдарлар («юрчиктер» – Андропов Юрий атымен) мен ұлттық-демократиялық және ислами күштер («вовчиктер» – уаххабилерден шыққан) арасында өріс алды. Көріп отырғанымыздай, Тәжікстан уаххабилерінің Араб түбегіндегі уаххабилерге еш қатысы болмады). Кейін термин өзгертілді, және дұшпандық сипатын белгілеу үшін посткеңестік кеңістікте исламның қайта өркендеуін ұстанушылардың барлығын уаххабилер деп атай бастады. Олардың дәстүрлі, ұлттық деп аталатын ислам нормаларынан бас тартуы және келіспеушілігі дұшпандық ретінде түсіндіріледі. Қазіргі заманғы ақпараттық кеңістікте «уаххабизм» және «уаххабилер» терминдеріөзінің кем қалыпта көрсететін мағынасын жоғалтпайды және Кеңес-Ауған соғысы, Тәжікстандағы, Шешен Республикасындағы, Дағыстандағы оқиғаларының ауыр салдарымен байланысты сақтай отырып, дөрекі зорлық тіркесінде теріс мәнде қолданылуын жалғастыруда, ал ол кезде барлық жауларды уаххабилер деп атаған.

Уаххабизм терминін және оның ізбасарларын аса негативті түрде көрсететін бұл терминді теріс түсіндіруге жол бермеу туралы Таяу Шығыс бойынша мамандар және исламтанушы ғалымдар айтуда. Ресейлік дінтанушы және исламтанушы Баширов Л.А. түсіндірмелерін келтірейік: «Уаххабизм сипаты және идеологиясы туралы пайымдамаларда теріс, біржақтылық ерекше көп кездеседі. Көптеген ресми мұсылман діндарлардың және ислам туралы жазатын адамдардың, саясаткерлердің, БАҚ тырысуымен уаххабизм қорқытарлық бір нысанға айналды, дінге еш қатысы жоқ әртүрлі қылмыстарды сонымен байланыстырады, ал экстремизмді тіпті долбарлап уаххабизммен байланыстырып қойған. Алайда, экстремизм мен уаххабизм арасында еш генетикалық байланыс жоқ, және біреуінің екіншісіне мүлде қатысы жоқ.

Уаххабизмді бағалау субъективті, саясаттандырылған, біржақты сипатқа ие болды. Әбден жалған ақпарат алған және уаххабизм адамынан қатты қорқатын журналистер Ресей Федерациясының президентіне осы мәселені өзі түсіндіру үшін жүгінуде. 2006 жылы 31 қаңтарда баспасөз маслихатында Путин В. өзінің ұстанымын нақты білдірді: «Уаххабизм өзінен өзі қандай да бір қауіп төндірмейді, алайда, ислам нормаларын теріс түсіндіру, уаххабизмді бұрмалау, олар, әрине, терроризмге шақырудан басқа түрде түсіндірілуі мүмкін емес. Қайталап өтемін, бұрмалау».

РҒА Африка институтының директоры Васильев Алексей де ұқсас пікір білдірді:

«Фундаментализм және «уаххабизм» деп аталатын ұғым, менің ойымша, Ресей үшін, өздігінен еш қауіп-қатерді білдірмейді... Орталық, зайырлы билік органдары тек бір қағиданы басшылыққа алуы керек: кез келген бір адамдар тобының әрекеті қолданыстағы заңдарға сәйкес келуі». [3]

Уаххабизм сипатын түсінуде Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының және РФ МДБ ресми өкілдерінің бағалауы аса маңызды. РФ МДБ төрағасы, Ресей Мүфтилері кеңесінің төрағасы, Гайнутдин Равильдің сөз сөйлеуі мен сұхбатынан үзінді келтірейік.

1) «Шешен Республикасында федералдық әскерлермен соғыс жүргізгіп келген адамдар террор және экстремизмен, бейбіт халықты, соның ішінде мұсылман дін басыларын өлтірумен айналысатыны бұрыннан белгілі, оған қоса өздерін «уаххабилер» деп атайды, алайда уаххабизмге де, исламға да еш қатысы жоқ. Уаххабилер деп мен ислам немесе оның элементтерінің кейбір жораларын  орындауға дәстүрлі емес қарайтын, діннің жалпы қабылданған нұсқауларының кейбіреунен бас тартатын діндар адамдар, көбінесе, жастар айтып отырмын. Олар исламның төрт мазһабы (мектеп) ілімінің біреуінен ауытқуға болады деп санайды. Қысқаша айтқанда, дін ішіндегі айырмашылықтар туралы, уаххабилерге террорист және экстремист, қазіргі заманғы қызметтің жауынгер қарсыласы таңбасын қоюға еш негіз бермейтін өзгешеліктер туралы айтылуда. Қазіргі таңда ислам туралы жазатын салмақты зерттеушілер ғана емес, сондай-ақ публицистер «уаххабизм» және «экстремизм» ұғымдарын теңдестіруге қарсы шығады, уаххабизмге қатыстылығы болу заңды тұрғыдан қылмыс болып табылмайтынын атап өтеді».

2) « - исламнан алыс адамдар – саясаткерлер мен журналистермен дұрыс түсіндіріле бермейтін уаххабизмді алсақ та. Уаххабизмді жаппай  негатив деп есептейді, алайда, іс жүзінде, күрделі жағдай туындауда. «Уаххабизмді» өз қажеттіліктеріне қарай «ығыстырып алған», Шешен Республикасы мен Дағыстанда бақылауға бағынбайтын өршіл топтар бар.

Әйтсе де, уаххабизм секіліді құбылыс бар...

- Уаххабизм – бұл Құран және Сүннетке негізделген ілім. Онда экстремизмге, терроризмге қатысты ештеңе жоқ. Тіпті, оларға мін тағылады. Егер адам террор жолына түсестін болса, ол жазалануы тиіс делік».

Ресей дін басқармасының аймақтық өкілі Давлетов Данистің Свердлов облысы мұсылмандарының баспа органында «Урал мүфтиі: Әділеттілік жоқ жерде радикализм пайда болады» деген жарияланымындағы ұстанымы да есте қаларлық. Сұхбат алу сәтінде Дамаск қаласында оқу оқып жатқан Урал мүфтиі: «Радикалды көзқарасты ұстанатын адамдарды сендірерлік дәлелдер мен негіздерді келтіре отырып, пікірталастарда жеңуге болады, және бұл жағдайда күш қолданылған тәсілдер жақсы нәтиже бермейді», - деп ұсынады. [4]

Қазақстандық дін басқармасының (ҚМДБ) ресми өкілдерінің басым ұстанымы (ДУМК) келесі жарияланымның тақырыбында айтылған: «Оңғаров Ершат: сәләфизм – мұсылман үмбетінің тұтастығына төнген үлкен қауіп» (жарияланым сәтінде автор – ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің хатшысы, исламтанушы сарапшы); мағынасы – ‘сәләфизм мұсылмандар үшін әрдайым қауіп, ал қауіппен күресу керек’ [5]

Сәләфизмге қатысты ресми саясат ҚазТАГ сілтеме беріліп, 30.11.2020 жылғы lada.kz шағын ақпараттық жазбасында анығырақ берілген lada.kz: «Қазақстанда саяси ынталанған сәләфилер бар, олар амалын тауып жасырынады, - деп «114-жедел желі» жобасының серіктесі – «Пікір» діндерді қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Сабдин Асқар мәлімдейді. «Біздің әлеуетті құрылымдардың деректеріне сүйенсек, Қазақстанда деструктивті діни ағымдар деп аталатын бағыттың 20 мыңнан аса ізбасарлары бар. (…) Қазақстанда саяси негізделген сәләфилер деп аталатын топтар да кездеседі. Олар ебін тауып жасырынады және сырларын ашпайды», - деп, Сабдин дүйсенбі күнгі «114 Жедел желі» жобасына арналған баспасөз маслихатында айтты. Оның сөзіне сүйенсек, олардың саны қанша жылдан бері осы деңгейді ұстап тұр. Қазақстандағы ең ірі деструктивті ағымдар, олар өздерін сәләфилерге теңестіретін ағымдар. «Бәлкім, осы сәләфилердің көп бөлігі өздерін мәдхализмге жатқызады. Бұл ағымды Мәдхали дін уағыздаушысымен байланыстырады», - деп айтады Сабдин». [5]

Мәтінде сәләфилерге деструктивті діни ағымы өкілдерінің таңбасы қойылады. Мәтінде құлыпқа жабылатын түрме торының суреті бейнеленген. Осылайша, журналист, өзі тіпті аңғармай, мемлекеттік сәләфилермен «өзара қарым-қатынасындағы» негізгі әдісті белгілейді.

БАҚ, сәләфизм ерекшеліктерін, исламның негізгі бағыты ретінде жете түсінбей, сәләфидің теріс бейнесін құруда өз үлесін қосады. Ақпараттық жазбаның тақырыбы («Павлодар қаласында сәләфи ішімдікке құмар адамды қатты соққыға жықты») және (Павлодарда радикалды ислам ұстанушысының қолынан  ішуге аса құмар оның көршісі қатты зардап шекті) тақырыпшаларына назар аударыңыз. Қалыпты тұрмыстық дау-жанжал оқиғасы туралы жазылған алты жол хабарламада кейіпкердің діни қатыстылығы төрт рет көрсетілген; сәләфи, сөйтіп, кіші қылмыскер ретінде көрсетілген.[6]  Не болмаса 2019 жылдың 24 қыркүйектегі 365 info.kz берілген басқа хабарламада келесі тақырыппен Facebook әлеуметтік желі парақшасындағы жазба айтылған «Сәләфилер қазақ спортшыларын спорттық рухынан айыруда — өнертанушы». Жоғарғы бөлімінен үзінді келтірейік: «Спорт саласын сәләфизм идеологиясынан тазартпайымызша, жетістікке қол жеткізбейміз. Қазіргі таңда күрес, бокс, ұлттық ойындар және спорттың өзге түрлері уаххабилердің қолында», деп санайды ақын және өнертанушы - Толеутай Ерлан. Бүкіл жазбының мәні – ‘қазақстандық спортта сәләфилер (уаххабилер) – бұл жамандық’. [7]

Мәселеге өзге көзқарастарды қазақстандық танымал саясаттанушылар мен дінтанушылар да білдіреді. Мамырайымов Талғат Нұрсейітова Торғын жүргізген толық сұхбатта (zakon.kz) қазақстандық сәләфилер идеологиясының ерекшеліктері, адамдардың ҚМДБ емес, радикалды секталарды таңдау себептері туралы, Қазақстанда діни экстремизмнің туындау алғышарттары туралы, діни радикализммен байланысты жағдайға сыртқы әсерлер туралы және діни радикализмді бүкіл қоғамға тарату мүмкіндігі туралы айтады, дәстүрлі емес ағымдарды жақтаушылардың әлеуметтік наразылық білдіру ретінде және т.б. арту болжамын береді. Біздің материалдың басты мәселелері бойынша автордың көзқарасы баяндалған сұхбаттың үш үзіндісінен дәйексөз келтірейік (біз белгілеп қойдық. – Р.К.)

I. «Real politik» ҚҚ аналитикалық қызметінің басшысы, саясаттанушыМамырайымов Талғаттың пікірі бойынша  «Қазақстанда ресми және дәстүрлі емес ислам арасында айқын білінген конфессияішілік жанжал бар және оған әлеуетті құрылымдар тартылған. Үкіметтің үйлесімсіз күш қолданған шаралары діни радикалдардың террористік қызметке қатысуын шапшаңдатқан негізгі себептердің бірі болды, және саясаттанушының ойынша, олар әлеуметтік, экономикалық және идеялық дағдарыс аясында халықтың күннен күнге көбірек аяушылықтың білдіруін өз пайдаларына қолдануда.

  - Талғат Киятбекович, «сәләфилік жасырын  жұмыс»,  сәләфилік радикалдар негізіндегі терроризм сөздері жаңалықтардағы қарапайым құбылыс болды. Қазақстандағы қазіргі заманғы радикалдық исламға қатысты жалпы не айта аласыз?

- Ең алдымен, сәләфи және экстремист -  бірдей емес. Сәләфилердің барлығы қазақстандық мұсылмандардың радикалдық бағытына жатпайды. Қазақстандағы діни экстремизмді уағыздашылар, лаңкестік әрекеттерді негізгі атқарушылары сәләфизмнің жиһадтық бағыты және тәкфир-хариджи деп аталатын бағытты ұстанушылар болуы ықтимал. Бұл ретте, тәкфир тәжірибесі (сенбеушілікте – «күпірлікте» айыптау) осы екі бағыттың да айрықша сипаттарының бірі болып табылады.

Қазақстандық сәләфилер арасында мәдхалилер-сәләфилер басым, олар өз ізбасарларын мемлекеттік билікке толық және сөзсіз бағынуға шақырады. Мәдхалилер-сәләфилер Қазақстанда кеңінен тарала бастауда, кейбір деректерге сүйенсек, олар Қазақстандағы мұсылмандардың жалпы 5-10 пайызын құрайды. <…>»

II. -  Сіз сонда сәләфизмге көрсетілген реакция олардың идеологиясының дәл осы ерекшелігімен байланысты деп айтқыңыз келеді ме?

- Өкінішіке орай, жоқ. Сәләфилер, исламның басқа бағыттарына қатысты тікелей қарсы келмейтін жағдайда, тыныш қызметін жалғастыра бере алады. Оған қоса, барлық сәләфилер экстремистер емес. Бәрі әлдеқайда күрделі. Бұл екіжақты келіспеушілік, және сәләфилерге қарсы келуден де кеңірек екені анық – ресми ислам. Мұнда, бір жағынан, қарулы күштер және ҚМДБ, екінші жағынан, ҚМДБ кірмейтін барлық мұсылмандар. Сәләфилер жақында ғана жалпыға үрей тудыратын зат болды. Бұған дейін олардың орнын Хизб-ут-тахрир, ал одан да бұрын сопылық секталары алған. Оларға қарсы саясат қарулы күш органдарымен айтарлықтай белсенді түрде жүргізілді.  

III. - Яғни, діни экстремизмен негізгі қиындықтар дәл 1999 жылы басталды?

- Иә, шамамен осы кезеңде және біртіндеп 2000-шы жылдардан бастап қарқындылық ала бастады. Бастапқыда бұл ресми ислам мен исламның жаңа ағымдары арасындағы келіспеушілік болды. Және оған ешкім кіріспесе, ол сол қалпы екеуінің арасындағы пікірталастар деңгейінде қала берер еді. Терроршылар ды болмаушы еді, қазіргі жөнсіз жағдай да орын алмас еді. Алайда, өкінішке орай, ештеңенің анық-қанығына жетпей жатып, ештеңені түсінбей, қарулы күштер сәләфилерді ғана емес, ресми исламға жатпайтын барлық діндар адамдарды қудалап, түрмеге қамай бастады. Қазіргі таңда тіпті ҚМДБ ұстанушылары, егер сақал жіберген болса, ал ол Исламның қағидаларына сәйкес келеді, көшеде тыныш жүрулеріне болмайды. Бұл ақырында неге алып келеді? ҚМДБ бақылауындағы мешіттерден діндарлардың кетуінің тек артуына алып келеді.

- Алайда, ҚМДБ адамдарды осындай белгі бойынша қудалануы үшін мемлекеттік органдарды итермелейтіндей саяси күшке ие ме әлде ие болды ма?

- Әрине, жоқ. ҚМДБ мұны қаламады, және ештеңе істей де алмады. Бұл қарулы күштер тарапы білдірген бастама болды. Себебі, біздің құқық қорғау органдар мен арнайы қызметтер, әлеуметтік-экономикалық және идеялық негіз туралы ойламай, біздің ерекше бағытымызды ескермей, дәстүрлі емес исламға және жалпы исламға қатысты Ресейде кең етек алған саясатына еліктеді. Ең бастысы – бұл нақты бір дүниеге көзқарасты қалыптастыру. Яғни  – олар кім және біз кімбіз. Біздің қоғамда қазір кәдімгі мұсылман – ол жас қазақ бала. Неліктен дәл сондай қазақтар оны соққыға жығып, түрмеге қамау керек? Келіспеушіліктер болып жатса, оны диалогпен шешкен дұрысырақ емес пе? Бірақ, олармен тіпті ешкім сөйлесуге тырыспады да. Біздің арнайы қызметтер дәстүрлі емес исламға талдау жасау мен маңызды себептеріне негізделмей, қайта балалардың санасының деңгейіне жататын «ашулы уаххабилер» туралы ресейлік шытырман хикаяларға сүйене отырып, қысым көрсету шешімін қабылдады». Бұл өте төменгі ақыл деңгейін және жалпы, өзінің қоғамға деген қарым-қатынасын анық көрсетеді. Билік органдарының үйлесімсіз күш қолданған шаралары діни радикалдардың лаңкестік қызметке қатысуына итермелеген негізгі себептердің бірі болды. <…> [8]. «Қазақстандағы радикалдар үшін қозғаушы күш әділетсіздік сезімі мен әлеуметтік наразылық болып табылады» деген жарияланымның тақырыбына назар аударыңыз, мұнда ресейлік мүфтидің пікірімен үндесе келген радикализм факторлары туралы Мамырайымов Т. ұстанымы көрсетілген.

Тақырыптың негізгі аспектілері бойынша тәуелсіз саясаттанушы Белгібай Серік Мамырайымов Талғатпен ортақ пікірде.  02-02-2018 жылғы «Сақалдыларды аңдушылар: мұның артында кім және не тұр» деген материалда «Діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын құрастырушылардың қазақстандық ер-азаматтардың сақалды қандай ұзындықта жіберу керектігі туралы құжатта жазылсын деген бастамасы талқыланды. Ал, ол бастама «деструктивті діни ағымдар белгілерін көпшілік алдында көрсетпеу» деген мақсатты көздеді. Қазақстандық саясаттанушылар, соның ішінде Белгібай Серік те өз пікірлерін білдірді.

– Сақал ұзындығын қадағалау тек бір қарағанда ғажайып идея болып көрінеді. Ал, іс жүзінде бұған баяғыдан келе жатқанбыз, және болашақта осы жағдайдың әлі-ақ талай қыр-сырлары шығады... <…> Дегенмен, ақылсыз әрекеттің бір қисыны бар. Және «сақалдыларды аңду» проецсінің және жалпы, деструктивтік діни ағымға қарсы күрес себебін түсінетін болсақ, бұл мүлде күлетін жағдай емес… Көп адамдар бәрі қалай басталғанын біле бермейді. Осындай қызметтің алғашқы жаршысы тіпті 2000-шы жылдардың басында шағын сопылық ағымдарға қысым көрсету болды. Тек кейінірек қана сәләфи ағымдарының өкілдеріне басты экстремистер деген таңба тағылды...

Шын мәнісінде, негізгі себептердің бірі біздің қоғамға ресейлік БАҚ қатты әсер етуінде жатыр. Тіпті 1990-шы жылдардан бастап РФ-да уаххабилер деп аталатындардың теріс бейнесін құрайтын ағым пайда бола бастады. Шешенстандағы соғыс бастау берді, ал ары қарай жағдай өздігінен дами берді. Дәл осы насихаттың әсерінен Қазақстанда іс жүзінде жоқ нәрсемен – діни экстремизммен күресе бастады. Иә, менің ойымша, бізде діни экстремизм жоқ, алайда, сондай-ақ дәстүрлі емес діндарлар да бар. Олар қудалау объектісі болды. Бұған қоса, ақылға қонбайтын «терроризмге қарсы операцияларда» өлген, түрмелерде қаза тапқан және денсаулықтарынан айырылған немесе өздерінің мерзімін өтеушілер саны бірнеше жүзге жетті.

Басқа себеп – жалпы діншіл мұсылмандарға теріс қарым-қатынас. Мұнда кеңес кезінде жүргізілген дінге қарсы күрес айрықша ізін қалдырды. Ислам Қазақстанда тамырын жая алмады. Ресейлік ақпараттық кеңістікте өмір сүретін біздің халықтың негізгі бөлігі үшін ислам қағидаларын тәжірибеде орындап жүрген, сақал жіберген, хиджаб (орамал тартқан) әйелі бар мұсылманның бейнесі жағымсыз екені анық. Және осы негатив жақсы негізге әсерін тигізді. Ресми ислам, өзінің сыншыларымен күресе отырып, осы үрдістерге қосылды. Бір дін шегіндегі діндарлар арасындағы дау сол күйі дау болып қала берер еді, алайда топтардың біреуін мемлекет және арнайы қызметтер жақтай бастады. Ақырында қан төгілді.<…> [9]

Сәләфизмге тыйым салу туралы мәселеге өз көзқарасын Гумилев Л. атындағы ЕҰУ профессоры, дінтанушы Избаиров Асылбек те білдірді: «Мен сәләфизмге тыйым салуға қарсы болғандардың бірімін, себебі бірнеше рет айтып өткенімдей, бұл терроризм мен экстремизмді күшейтуге артық сылтау болып табылады». [10]

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Муртазин М.Ф. Посткеңестік кеңістіктегі сәләфилік дискурс // Ресей және Еуразияның жаңа мемлекеттері. №4 (45), 2019. 88-102 бб.
  2. Воропаев Д. Уаххабизм: қайнар көзі, идеология ерекшеліктері және қазіргі Ресейдегі жағдай // Ресей және мұсылман әлемі . №2, 2009. 35-41 бб.
  3. Баширов Л. А.Ресейдегі уаххабизм: қайнар көзі, дінді оқыту ерекшеліктері және тарату себептері // Ресей және шетелде мемлекет, дін, шіркеу: Ақпаратық-аналитикалық бюллетень. №1-2 (38-39). - М.: РМҚА баспасы, 2007.
  4. Урал мүфтиі: Әділеттілік жоқ жерде радикализм пайда болады /Истина, 2014 ж. желтоқсан (http://muslims74.ru/wordpress/wp-content/uploads /2015/01/Verity-138-122014.pdf)
  5. Оңғаров Ершат: сәләфизм – мұсылман үмбетінің тұтастығына төніп тұрған үлкен қауіп (https://avestnik.kz/ershat-ongarov-salafizm-bolshaya-ugro/)
  6. Қазақстанда саяси тұрғыдан ынталанған сәләфилер бар, олар іскерлікпен жасырынады (https://www.lada.kz/another_news/86149-v-kazahstane-est-politicheski-motivirovannye-salafity-oni-umelo-konspiriruyutsya.html)
  7. «Павлодарда сәләфи ішімдікке құмар адамды қатты соққыға жықты» (https://news.mail.ru/incident/43636320/); «Сәләфилер қазақ спортшыларын спорттық рухынан айыруда — өнертанушы» (https://365info.kz/2019/09/salafity-lishayut-kazahskih-sportsmenov-sportivnogo-duha-iskusstvoved)
  8. Мамырайымов Талғат: барлығы сәләфилер – экстремистр және терроршылар емес (https://www.zakon.kz/4588465-talgat-mamyrajjymov-ne-vse-salafity.html). Өзге материалдар: Мамырайымов Талғат: Қазақстанның мұсылман үмбетінің ішіндегі басқаша көзқарасқа қарсы күрес зұлматқа дейін жетуде (https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=31381427#pos=3;-72; Қазақстандағы радикалдар үшін қозғаушы күш әділетсіздік сезімі мен әлеуметтік наразылық болып табылады (http://meta.kz/novosti/kazakhstan/750210-dvizhuschey-siloy-dlya-radikalov-v-kazahstane-yavlyaetsya-ostroe-oschuschenie-nespravedlivosti-i-socialnyy-protest.html)
  9. Сақалдыларды аңдушылар: мұның артында кім және не тұр? (https://camonitor.kz/30517-ohotniki-za-borodami-kto-i-chto-za-etim-stoit.html)
  10. Избаиров Асылбек: Мен діннің саясиландырылып кетуінен қорқамын (https://www.zakon.kz/4875187-asylbek-izbairov-ya-boyus-politizatsii.html)
  11. Мойындау туралы істер бойынша сарапшылық зерттеулер әдісі

Р.Д. Карымсакова